Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сөз дәлдігі және тұрақты сөз тіркестері
Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушылардың сөз дәлдігі және тұрақты тіркестен алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта, деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тілдегі тұрақты сөз тіркестері тілді көркем, айшықты айтудың бір тәсілі болса, ендігі бір артық белгісі сөзді неғұрлым дәл нақты береді. Мысалы: «тез» деген мен «көзді ашып жұмғанша» тіркесінің мағынасын бірдей дей алмаймыз. Жылдамдықтың соншалықты күштілігін сөзден гөрі тұрақты сөз тіркесі дәл ашып тұр.
Қазіргі тілде де сөзді неғұрлым дәл беретін көптеген тіркестер бар (мысалы: зиялы қауым, салтанатты жиын, ұлықтау рәсімі, жұлдыз жорамал т.б.).
Қазақ ұлтының ерекшелігін ашатын, халықтың шаруашылық, тұрмыс-тіршілігінің айғағы болатын, рухани мәдениет негізін айқындаушы белгілердің бірі — тұрақты сөз тіркестері.
Тұрақты сөз тіркестерінің негізі белгілері
1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болуы керек.
2. Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды.
3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді.
4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады.
5. Құрамындағы сөздер бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.
Жаттығумен жұмыс: 40-жаттығу Көп нүктенің орнына тұрақты тіркестерді қойып жазыңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ: 42-жаттығу. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің сыңарын тауып жазыңдар.
2-топ: 44-жаттығу. Төмендегі тіркестердкн тұрақты сөз тіркестерін бөлек,еркін сөз тіркесін бөлек жазыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 43-жаттығу.