Сырымбет батыр
Бәсентиін ішінен ХVІІІ ғасырда қан майдан, жаугершілікте көзге түскен азаматтардың бірі Сырымбет батыр. Бәсентиін, одан Ақмайдан, одан Көкшекөз, одан Бәйімбет. Осы Бәйімбеттің Жолымбетінен Маңдай, одан Сәмек екені шежіреден анық. Сәмектің ішінен шыққан ерлердің арасынан көзге түсетіні Сырымбет батыр.
Шоқан «исторические предания о батырах ХVІІІ века» мақаласында Абылай заманында болған көптеген оқиғалар мен ұлы тұлғалар туралы тамаша сипаттама береді. Оның ішінде Бәсентиін Сырымбет аты да аталады: «Однажды Аблай должен был ретироваться от отрядов китайцев и был ужасно печален и сердит, зная какое может иметь из бардов Татикара джирау, для одобрения бегущих кайсаков и для самого Аблая пел так:
«Бежавшие китайцы сново начали движение, патянулась тетива из куланева хребта. Крепкоребренный и широкожелудочный Аблай не бежал. Не хорошее слова «бежал», он двигался только косо. Басентинец Серымбет, стрелы бросая, бился. Не ищи ума при беге. Нет хлоднокровия при торопливости! Баян уаковец, да и это видели! Когда он поварачивался назад, копьем работал».
Қазақша нұсқасы да оқиғаны Баяндайды «Бір жолы Абылай хан қытайдың әскерінің көптігінен сескеніп, кейін шегінген екен дейді. Бір жерге келіп қазақтың қосыны тамақтанып отырыпты. Сонда Абылай қасындағы жырау серігі Тәтіқарадан – осы жорығымызды қалай дер едін дейді. Сонда жырау шарт жүгініп отырып осы өленді айтыпты:
Көп қалмақтың жылқысы,
Тұрымтайдай құнысты
Бәсетиін Сырымбет,
Оны да мен ер көрдім
Оқ жіберіп ұрысты.
Жау жағадан алғанда,
Ер бөрі Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін, еңкейе беріп жылысты.
Хан қамшысын кеудесіне таянып отыр екен, жырауды тындап болған мезгілде қамшысы түсіп кетіпті.
Уа, Тәтіқарам, — депті хан, — ел бетін көрер жерім қалмаған екен ғой. Жүр, ер бағын үшке дейін сынайды деген, қайта барайық, — деп аттаныпты. Бұл жолы жолдары болып, жауды жеңіп қайтыпты, — делінеді аңызда.
Мағжан Жұмабаев өзінің «Батыр Баян» поэмасында жырға қосатын Сырымбетті де 1756-1757 жж. Қытай мен қазақтың соғыстарында Абылайдың жанында серік болған бәсентиін Сырымбет батыр;
Жиылды өңшен ноян, ығай-сығай,
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай,
Ту баста Абылайды хан көтерген
Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Қарт қыран қанжығалы қарт Бөгенбай.
Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі
Аузынан жалын шашқан жас Жанатай.
Найзасын нажағайдай ойнататын
Жас барыс бәсентиін Сары Малай.
Балталы, екпінді оттан Оразымбет,
Сіргелі, шапшан оқтан ер Елшібек.
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін
Тәкаппар Қошқарұлы ер Жәнібек.
Қалданға ханмен бірге тұтқын болған,
Жолдасы Абылайдың батыр Жәпек.
Майданда от шашқандай оқ шашатын,
Сырттанны Бәсентиін ер Сырымбет-
Осындай өңшен көкжал жиылыста,
Күңіреңіп жолбарыстай – «жау қайда?» — депті. [4, б.168-169]
Мәшһүр Жүсіп жазбалары бойынша, Сырымбет батыр Бәсентиіннің Сәмек атасынан шыққан. «Кешегі Жәнке де, Нұрташ моллалар да осының ұрпағы еді», — дейді Мәшекең. Сәмектердің қонысы – қазіргі Павлодар ауданына қарасты Кеңес ауылы мен Тұзқалаға (Ямышево) дейінгі аралық. [8, б.153]