ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ

Алматы қаласында дүниеге келген. Саяси жəне қоғам қайраткері, ақын, дипломат. Орыс тілді қазақ ақыны. Олжас Омарханұлы туралы замандастары «табиғатынан рухани бұғауланбаған адам, оның шығармашылық жəне қоғамдық қызметіндегі негізгі ұстаным еркіндік» деп жазған. Еңбектері дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мəтелдері мен аңыз-əпсаналарынан іздеңіз.
***
Мен қайғырам,
Зəбір көріп қай халық
Қасіретке батар болса қайғы алып.
***
Айналайын, О, Қара Жер, айналшы,
Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
***
Кешіре біл ағайынды суысқан,
Ел бақытты, — сен жымисаң, Туысқан!
***
Мен өз елімді жəне оның халқын, олардың беріктілігі мен төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші елге айдап салушы «ұлтжандыларды» сүйе де алмас едім, түсіне де алмас едім.
***
Тілдер туыстығы — мəдени туыстық.
***
«Халықтар достығы» — адамдар арасындағы достық пен өзара құрмет сезімінсіз, абстрактілі һəм тұрлаусыз ұғым.
***
Тауларды аласартпай — даланы биіктетейік.
***
Түркілік қоғамда əйелдерге кең құқықтар берілген. Олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тəрбиелеген.
***
Ұлы ойшылдардың теориялық қисындарының көпшілігі қазір түсініксіз көрінуі заңдылық. Олар ертеңгі күннің жарығы болуы да мүмкін. Олар замандастарымызды келер дəуірлер ұғымымен ойлануға шақырады. Ал онсыз болашақтың таңы атуы екіталай.
***
Отырар ойран болар ма,
Бір сатқын жығып бермесе?!
***
Түсінбестікті тудыратын тарих емес, сол тарихты оқып ұғыну.
***
Нағыз тарих — халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қызметтестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін де айқынырақ көріп-білуге болар еді.
***
Қария тарих — қаптаған жалын
Лап етіп жанған түздерде,
Алауға атам қақтаған жанын,
Аңызы қалған біздерге…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *