НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Елбасы. Ғалым. Іле Алатауы баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Əбіш пен Əлжан Назарбаевтардың отбасында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Хатшысы болды. 1984 жылы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге əріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет жəне қоғам қайраткері болып қалыптасты.
2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мəртебесі берілді.

Ұлттың ұлы бақыты — Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тəуелсіз мемлекет болып қадам басты!
***
Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.
***
Біз əлемдік мəдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мəдениетін қалыптастыруымыз керек.
***
Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір бұтағы, қомақты тармағы — халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.
***
Қазақ елі — ежелден еркіндік аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тəуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады. Өз территориямызда өкімет билігін толық өз қолымызға алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, əрі қарай қалай өмір сүру керек екенін ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ, өзіміз шешетін боламыз.
***
Дүниеде қазақ деген ұлт — біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен əдет-ғұрпы да — жалпы қазаққа бірдей тəн, оның ғажайып мол рухани қазынасы да — бөліп жаруға келмейтін ортақ қазына.
***
Қазақ даласы — Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.
***
Өз ұлтын сүю, шын мəнінде нағыз қазақ болу — өзге ұлт өкілдеріне астамшылықпен қарау.
***
Мемлекеттігіміздің діңгегі — қазақ халқы. Ел де, жер де қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.
***
Қазақ та енді үлкен ұлтқа тəн төзім мен сабырлы мінез көрсетуі керек.
***
Абылай — құдіретті хан. Қазақ халқының мемлекеттілігі мен тəуелсіздігі осынау даңқты есіммен тығыз байланысты. Ардақты бабамыздың аңсаған үш арманы — тыныштық, кəсіп, тəуелсіздік еді. Бүгінгі күні сол мақсаттар орындалып, ел еңсесі көтеріліп келеді.
***
Отанды сүю — өркениеттіліктің бірінші белгісі.
***
Жаңа Астана — ежелгі қазақ жерінің төрі.
***
Жер астындағы байлық — бір біздің ғана емес, бүкіл келер ұрпақтардың ортақ несібесі.
***
Өзгенің есебінен жақсы көрініп — жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.
***
Халқына шындап жаны ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтейді.
***
Ұлт өзінің мемлекетінсіз — ұлт болып өмір сүре алмақ емес.
***
Қазақтың бүкіл тарихы — бірігу тарихы, тұтастану тарихы.
Қазақ — тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.
***
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын.
***
Отансыз адам — қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліңе, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын — елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дəрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
***
Дауы таусылмайтын елдің — жауы да таусылмайды.
***
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
***
Саясат безбеншісі — ел.
Ауылдың амандығы — ел амандығы.
***
Ауылдың амандығы — ел амандығы.
***
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.
***
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!
***
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
***
Ана тілі — бəріміздің анамыз, өйткені ол — ұлтымыздың анасы.
***
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.
***
Қазақстанды мекендейтін əртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мəдениетін дамытуына жағдай жасау — мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.
***
Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, əр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет.
***
Иə, мен біздің кең-байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен əзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен-жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын.
***
Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.
***
Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады.
* * *
Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *