МАЙҚЫ БИ ТӨБЕЙҰЛЫ
(1105–1225 жж. шамасы)

Аты аңызға айналған Майқы би туралы халқымызда: «Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы — Майқы би» деген қанатты сөз бар. Майқы баба түйінді де даналы сөзімен би біткеннің көш басшысы болған делінеді. Тарихи деректерге жүгінсек, Майқы би түбі түркі халықтардың біразына төрелік айтқан бас бидің бірі болғанға ұқсайды.
Халқымызға тəн аңыздардың бірінде: Орманбет би өліп, ноғай елі бүлінгенде, Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Аңызға сəйкес, Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған дейді.

Бірліксіз — тірлік жоқ.
* * *
Хан əділ болса — халық ынтымақты болады.
* * *
Хан — халықтың қазығы.
* * *
Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз əйел — ер қадірін білмес.
* * *
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
* * *
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
* * *
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
* * *
Би екеу болса, дау төртеу болады.
* * *
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
* * *
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
* * *
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
***
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
***
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *