Күріш

Күріш
Күрішті ылғалы мол жерге егеді. Көгі жиырма сантиметр болған кезде , егіске су көлдетеді.
Күріш суда қалай өседі, өйткені оның тамыры үшін ауа қажет қой деген сұрақ туады. Мұны байқап көрсек, күріш өсімдігінің тамырында ауа кіретін арнайы саңылаулар болады екен.
Кейде арнайы жерлерге көшет өсіреді. Оны егістікке көшіріп отырғызады. Бір ғана алқапқа екі немесе үш өнім алуға болады.
Күріш дәні жабысқан қатты қауызщбен қапталған. Оны осы қауыздан тазартып ақатау қажет. Сонда тамаша ақ күріш алынады. (75 сөз)
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын екі түзу сызықпен, тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызып көрсетіңдер.
Сын есімдерді теріп жазыңдар
Келер шақ етістіктерді өткен шаққа қойып жазыңдар. Көгерді, мекендеді, мақтайды, сыпырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *