ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
(шамамен 1017/1021–1075 жж.)

Толық аты Жүсіп Хас-Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың бірі — Баласағұнда туған. XI ғ. 70-ж. дейін өмір сүріп, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған дарынды ақын, данышпан-ойшыл ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» («Құтадғу білік») дастаны əлемдік əдебиет тарихындағы мəңгілік өшпес бірден-бір əдеби мұра болып табылады. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи жəне қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен, ғылымы мен əдебиетінен, мəдени деңгейінен, əдет-ғұрпы мен наным-сенімінен мағлұмат беретін бірегей туынды. «Құтты Білік» дастанының біздің заманымызға дейін үш көшірме нұсқасы жеткен. Ақынның, сондай-ақ толғамы терең өзге де рубаилары белгілі.

Халық бүлінсе — саясат түзейді.
Халық тарықса — үкімет жұтайды.
* * *
Кімде-кім халқынан алмаса тəлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
* * *
Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе — жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме.
* * *
Қылыш қан төксе — иесі ел билейді.
* * *
Бек қызыққа құмар болса — қалған елдің күні қараң.
* * *
Сараң бек ел билей алмайды.
* * *
Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.
* * *
Тіл — елшінің қылышы.
* * *
Ақылсыз адам — мəуесіз ағаш секілді.
* * *
Көңіліңе қарай — дос таңда, күшіңе қарай — жүк таңда.
* * *
Бала нені білсе жастан, ұядан,
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
* * *
Қатты тəртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
* * *
Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек.
***
Ұлық болсаң — кішік бол.
* * *
Қылыш — ел шауып, қазына құрайды,
Қалам — қазына тауып, қайыр сұрайды.
* * *
Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар.
* * *
Халықтың хақы əкімде.
* * *
Халық бүлінсе, саясат оны түзейді.
* * *
Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады.
* * *
Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді.
***
Қылыш елді күзейді,
Қалам елді түзейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *