Жол ашық – жүре беріңіз!
Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді. Түрлі-түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.
Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғартатынын түсіну қиын емес. Бұл әрдайым қауптілік белгісі. Өйткені ол көзге бірден ілінетін қызыл түс.
Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады. Ол дайындық белгісі.
Еш уақытта асықпа. Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болатынын ұмытпа. (60 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бағдаршам, аңғартатынын.
Мәтіннен есімдіктерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
Жіктеу есімдіктерін жазыңдар. Оларды септеңдер.