Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға
Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.
Мәтіннен сан есімді табыңдар.