Тұтас буынның төлбасы, ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, əдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы. Қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Қазақ əдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш əдебиет теориясын жазған ғұлама ғалым, ұлы ойшыл.
Ахмет Байтұрсыновтың барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа деген үміт-арманы — түгел дерлік ұлы міндетті орындауға, яғни қазақ халқына жан-тəнімен қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
***
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
***
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер əуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
***
Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
***
Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, əрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін əр жұрт баласын əуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар əбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше əуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.
***
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
***
Бала бастауыш мектепте бар пəнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
***
Адамға ең қымбат нəрсе — жұрт қамы, жұрт ісі.
***
Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы — біздің балалық шағымыз мысалды.
***
Ел бағатындар — ел бағуларын жақсы білулері керек.
***
Жер мəселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мəселесі.
***
Оқусыз халық қанша бай болса да — біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.
***
Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
***
Халықтың ісі — бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес.
***
Жұртқа керегін білетіндер — көп, істейтіндер — аз.
***
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе — ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
***
Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз.
***
Қарышта өз жұртыңа барың болса,
Өзге елдің өзінде көп бізден басқа.
***
Жұрт ұқпаса — ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүтіншіл, менікі ертеңгі үшін.
***
Ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе,
Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!