Абылайдың Қалдан Сереңде тұтқында болуы

Абылайдың Қалдан Сереңде тұтқында болуы. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы бір жорығында айқас даласында Абылай жекпе-жекке шығып Қалданның баласы Шарышты өлтіреді. Өзінің сүйікті ұлы опат болғанын естіген нөкерлеріне қалай болса да, қайда жүрсе де өлтірген адамды ұстап алдына алып келуін бұйырады.
Ханы жіберген қалмақтар аңда жүрген Абылайды қапияда жатқан орнынан басып, бірнеше билерімен және Атығай руының Құдайберді тармағынан тарайтын атақты батыр Жәпекпен бірге Қалданның алдына алып келеді.
— Менің ұлымды қайда, қалай өлтірдің? — деген сауалға Абылай:
— Оны өлтірген халық, кінәлі болып отырған мен халықтын шығарған үкімі мен арқылы жүзеге асты, — деп жауап береді Абылай оның бұл жауабына разы болып, бірнеше мәрте «мөн, мөн» де жендеттерін дереу тоқтатады да, тұтқынды киіз үйге қаматтырып қатаң бақылау қоюға әмір етеді. Абылайдың азабы осыдан кейін басталады.
Шарыштың анасы ұлын өлтірген қазақ баласын көруге құдайдын келеді де, келген сайын қарғап-сілеп, қырып-жоямын деп дігерле келгенін айтып, шабалана шарылдап, жұдырығын түйіп: «Қалай ғана, келтірдің оны? Өлтіруге болатын ба еді ондай боздақты?» деп дауыс салып бажылдап, төбе құйқаны шымырлатады. Бірде оның осылай аузынан ақ ит кіріп, ит шығып бұрқылдап, тісін қайрап, жұдырығын тұтқынның бетіне таяп келіп, баяғы бажылдаған сұрағын қайталай бергенде төзімі таусылып, шыдамы шегінен шыққан Абылай:
—Сенің балаңдай алабүлік қаңғыған құлдың басы қайда қалмап еді, қалмақтың кәрі қақбасы! — деп бұрқ ете қалады.
Бәйбіше жүгіріп байына барып шалдуар қазақтың дереу басын алуын талап етеді. Бәйбішесі бірдеңіні бүлдіріп, тұтқынды өлтіріп тастар деп қауіптенген Қалдан Абылайды қоя береді. Аманатқа ұлын алып қап, Жәпек-батырды да бірге босатып жібереді. Аңға шыққандағы шалымдылығы мен өжеттігі, ептілігі арқылы атағы жайылған әйгілі Сары-қазақ осы бала еді.
6. Абылайдан: «үш жүздің батырларының ішінде бәрінен жақсы көріп, құрмет тұтатыныңыз кім?» — деп сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті:
— Өткендегі игі жақсылардың ішінен айырықша қадір тұтып таңдануға тұратыны екеу; бірі — Қалданнан өзінің тоқсан тұтқынын қайтарып алған Қаракесек Қазыбек, екіншісі ағайындарын қайтарып алған Уақ Дерпісалы. Алғашқысы Қалданның алдына барып алғыр ақылы, айтқыр шешендігі арқасында сөзбен жеңіп, сұрап алды; ал екіншісі ауылынан адым аттап шықпай-ақ, айбынымен дұшпанын қорқытып қайтарды. Ал, өз батырларымыздың ішінде айлалылығы мен батылдығы, мінезі жөнінен Бәсентиін Малайсары, ақылы мен өжеттігі жөнінен Уақ Баян бәрінен артық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *