1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп қуып таратты. Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық Хельсинки тобының деректері бойынша 30-мыңға жеткен. Демонстрацияны қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың жасақшылар жұмылдырылды. Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат таратып, жала жапты. Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М. Шаханов бастаған Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі комиссиясы құрылды. Бұл комиссиясының анықтағанындай ішкі істер министрлігі – 2236, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті — 2212, прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі мерзімге сотталған. Ек адам Рысқұлбеков пен Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Артынан кешірім жарияланып Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, Әбдіқұловтың жазасы 15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар Желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза тапты. Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбір болды.1986 жылғы СОКП орталық комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде қазақ жастарының демократиялық бой көрсетуі «қазақ ұлтшылығының көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан жоғарғы Кеңесі бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын берді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *