1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі.

1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі. Ақпан революциясының нәтиежесінде орнаған уақытша үкімет халықтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты.Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады.1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте қарулы төңкеріс басталды. Келесі күні төңкеріске шыққан жұмысшылар, солдаттар, матростар астананың маңызды жерлерін басып алды. 25 қазан айының кешінде жұмысшы және солдаттар Кеңестерінің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд Ленин жазған «жұмышыларға, солдаттар мен шаруаларға» деген үндеуді қабылдады. Бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Лениннің баяндамасы бойынша Кеңестер съезі бітім туралы және жер туралы декрет қабылдады. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Кеңес үкіметін – Халық комиссарлар кеңесін құрды. Оның төрағасы болып Ленин сайланды.Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды. Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, мақсаты тағы басқа жақтары күңгірт болды.Қазақстанның ішкі өмірінде революцияға дайындық пісіп жетілмеген еді. Қазақ халқына революциядан гөрі отарлық езгігі қарсы күрес маңыздырақ еді. Сонымен бірге қазақ халқының көпшілік бөлігі қолдаған «Алаш» партиясы Кеңес үкіметін мойындамады. Оған қарсы шықты.Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды.1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлттық өкімет құрылған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді.Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:
Қазақ автономиясы құрылсын.
Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын.
Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын.
Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын.
Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *