Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері
Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері. Тектік-тұқымдық артықшылығы бар атақтылар арасындағы тартыс және олардың саяси, экономикалық, мәдени артықшылықтар үшін күрес.
Элегиялық, ямбылық, меликалық(хорлық не жекелік) және эпиграмматикалық поэзия, оның сақталуы мен жергілікті колорит туралы мәселелер; халық әндерімен, әуезбен, ал кейбір түрлерінің бимен байланысының сипаттары; негізгі өлшемдері. Поэзияның бұл түрлерінің бәрі үшін «лирика» терминінің тарихи шектеулілігі және шарттылығы.
Архилок (б.д.д. 7ғ. ортасы). Ақынның өз уақыты шындығымен байланысы. Элегия мен ямбының негізгі әуендері. Каллин Эфенский және Тиртей (б.д.д. 7ғ. ортасы) шығармашылығындағы Отанды қорғауға шақыру сарыны бар элегиялар, өсиетнамалар мен нақылнамалар, арнаулар; Мимнерм (б.д.д.7ғ.) элегияларының тақырыптары (махаббатты, жастықты мадақтау). Солон- афиналық тұңғыш ақын(б.э.д. 6ғ. басы), оның шығармашылығындағы дүниетаным, бейнелілік пен поэтикалық тіл мәселелері.
Меликалық поэзия; Алкейдің өлеңдері – еркектің достық жырлары (аристократиялық гетерия); қарсыластармен күресу тақырыбы(жеңістер, жеңілістер, қуылу,үндеу-шақырулар).
Сапороның өлеңдері (б.д.д. 600ж.) — әйелдің достастық поэзиясы,оның халық мерекелерімен,үйлену,салт-жоралғыларымен байланысы.
Хор меликасы: оның негізгі түрлері(әнұрандар,паэндар,дифирамбылар)
Алкман: композиция ерекшеліктері,миф және моральдық пайымдаулар,жеке желілі әуендер,сарындар.
Стесихор және батырлық-эпикалық тақырыптар;жекелік-хорлық орындаушылық; триада(шумақ,антишумақ,эпод).
Ивик пен Анакреонт (б.д.д. 6ғ.) махаббаттық-сүйіспеншілік және үстелбасылық әуендер.Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік-поэтикалық стильдің шарықтау шегі, жеке бейнені ашу өнері, сезім мен нақты жағдайдың қарама-қарсы сипаты; махаббатты суреттеу,оның жеткізушілері мен бағытталған жері. Элинистикалық және кенже ежелгілік анакреонтика, оның 18-19 ғғ. әлемдік поэзияға әсері.
Симонид Кеоский – грек-парсы соғысының тұңғыш ақыны. Эпиграммалары мен эпитафиялары.Ержүректілік, ерлік және даңқ туралы тақырыптар. Пиндар: сайыстардың, эпиникилер жеңімпаздарының құрметіне арналған мадақтаулар.
Гректер тұрмысындағы сайыстардың орны мен маңызы. Эпиникилер стилі мен композициясының ерекшеліктері, ойлардың поэтикалық айшықтауларға қарым-қатынастарының сипаты, «пиндаризм».Вакхилид: эпиникилер мен дифирамбылар, мифтерді драмаландыру.Меликалық поэзияның құлдырауы.
Әдеби прозаның пайда болуы(б.д.д. 6ғ екінші жартысы). Ауызша прозалық шығармашылықтың түрлері(мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,мысалдар, ертегілер, новеллалар).
Пәлсапалық және тарихи –жағрафиялық прозаның (логографтар)ең алғашқы үлгілері.