Қ. И. Сәтбаев (1899- 1964 жж.)
Қ. Сәтбаев – аса көрнекті қазақ совет геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 12 сәуірде 1899 бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегіндегі Ақкелін болысының төртінші аулы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы) дүниеге келген.
Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. 1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түседі. 1914 жылы Қаныш Семейдің семинариясына түсіп, онда төрт жыл оқиды.
Семинарияны бітірген соң 1918-1919 жылдары Қаныш Семей қаласындағы екі жылдық педагогика курсының оқытушысы болып тағайындалып, онда жаратылыстану пәнінен сабақ береді.
1926 жылы Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін геология барлау мамандығы бойынша бітірді. Екінші курстан кейін ол өз ұстазы М.А. Усовтың дала жұмыстарына қатысады.
1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақбай трестерінде геология бөлімінің жетекшісі және бас геологы. 1941-1964 жылдары СССР Ғылым Академиясы Қазақ филиалы құрамындағы геология ғылымдары институтының директоры, СССР Ғылым Академиясының Қазақ филиалы президиумы председателінің орынбасары, председателі, Қаз. ССР Ғылым Академиясының президенті. Сәтбаев – рудалық кендер геологиясы саласындағы көрнекті маманы. Пайдалы қазындыларының болжам карталарын құрастырудың принциптерін айқындаудағы Сәтбаевтың еңбегі өте зор. Сәтбаев – Одақтағы металлогения ғылымын жасаушылардың бірі және Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Сәтбаев қалдырған бай ғылыми мұралардың ішінде әсіресе Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды.
Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір бассейні және Каратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектері жарияланды. Жезқазған – Ұлытау ауданында Сәтбаев мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып барлады. 1950 жылдардың басында Сәтбаев және оның шәкірттері советтік геология ғылымының аса маңызды туындыларының бірі – Сарыарқаның комплексті металлогендік және болжамдық картасын жасауға кірісті.
Қаныш Сәтпаев дарынды адам еді. Ол – 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезказған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И. Сәтпаев Ленин орденімен марапатталды.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев 1964 жылғы 31 қаңтарда дүниеден өтті, бірақ ол қазір де біздің жүрегімізде өмір сүруде, өйткені ол еңбексүйгіш, адал да қарапайым адам болып, өзінің бар еңбегін халқына арнады.
Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай -ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.
Сөздік
көрнекті –выдающийся
ұйымдастырушысы – организатор
тұңғыш – первый
негізін қалаушы – основатель
бітірген соң – после окончания
тағайындалу – быть назначенным
жаратылыстану – география
тау- кен – горно-рудный
барлау – разведка
пайдалы қазындылар – полезные ископаемые
болжам – прогноз
айқындау – определить, выявить
қалдыру – оставлять
әсіресе – в частности
секілді – такие как
нысан – объект
қазу – рыть (канал)
тікелей – непосредственно
араласу – участвовать
көмір – уголь
маңызды – значимый
жариялау – опубликовать
кірісу – приступить
дүниеден өту – скончаться, умереть
біздің жүрегімізде – в наших сердцах
дәреже – степень
шың – вершина
Тапсырмалар
1. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын жоспар бойынша айтып беріңіздер.
2. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктерді теріп жазыңыздар, жағын және жекеше немесе көпше түрін көрсетіңіздер.
4. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: бітіру, тұңғыш, негіз қалаушы, дүниеге келу, зор, шәкірт, туынды, дарынды, өйткені.
5. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
6. Асырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді көрсетіңіздер.
7. Мәтіннен біріккен және қосарлы сөздерді қатысты сөздермен бірге теріп жазыңыздар.
8. Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.
9. Мәтіннен көмекші есімдерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.