Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 — 1889жж.)

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 — 1889жж.)

Құрманғазы Сағырбайұлы XVIII ғасырдың басында, Батыс Қазақстан өңірінде, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келді.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер – халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы.
Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай» күйін арнаған. Одан кейінгі «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты білдіреді.
Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген.
1880 жылы Астрахань түбіндегі Сақма елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Д. Нұрпейісова, Е. Есжанов, М. Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Сүгірәлі, Торғанбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты. Құрманғазы күйлері Қазақстан сазгерлерінің шығармашылығынан кең орын алды. Республика сазгерлері күйшінің күйлерін, үлкенді-кішілі шығармаларында пайдаланды. Би де қойылды, спектакльдер де, кинофильмдер де, хор музыкасы болып та пайдаланды. Көптеген оқу орындарының, музыкалық ұжымдардың, аудандардың, көшелердің аттары Құрманғазы есімімен аталады.

Сөздік

өңір – местность, район
кедей шаруа отбасында – в семье бедного крестьянина
әлеуметтік жыр-сыры – социальные сказания чаяния ИЛИ общественные произведения ??????
азаткерлік – освободительный
рух – дух
ұраншы – глашатай
іспетті – подобный
әуен – мелодия, напев
өзекті – основной
мәселе – проблема
жеке тұлға – отдельная личность
бостандық – свобода
туынды – произведение
ұлт- азаттық – национально-освободительный
көтеріліс – восстание
назар аудару – уделять внимание
арнау – посвятить
көксе – сильно желанная
әділетсіздік – несправедливость
қарсылықты – против
21. арақатынасы – соотношение
22. айрықша – особенный
23. жағдай – обстоятельства
мәрте – неоднократно
түрмеге қамау – заключить в тюрьму
алайда – однако, тем не менее
күрескер – борец
қоныс аудару – переезжать
қауым арасында – в обществе
сынды – такие как
мирасқор – преемник, последователь
домбыра тарту – играть на домбре
шебер – мастер
ұстаз тұтқан – считали учителем
маңызды – важный, значительный
қомақты – объем, величина
үлес қосу – внести вклад
ұжым – коллектив


Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
Құрманғазы Сағырбайұлы XVII ғасырдың басында кедей шаруа отбасында дүниеге келді.
Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады.
Өз туындыларында XIX ғасырдың 30- жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліске ерекше назар аударған.
Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған.
Құрманғазының туған жері Шығыс Қазақстан облысы.
Сөйлесім. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, толықтауышты бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: азаткерлік, шығармашылық, сазгерлер, үлкенді-кішілі, әлеуметтік-психологиялық, ешқашан, мирасқор, пайдалану.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері кездесетін сөйлемдерді жазып алып, сол сөйлемдердің синтаксистік талдауын орындаңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *