Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Тарих
Тақырыбы: Құлболды батырдың тарихи шежіресі
Орындаған: Тілеубек Бауырбек
9 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Жүніспаева
Қалқа Хамитовна
тарих пәні мұғалімі
Павлодар, 2010
Annotation
The main aims of researching:
Kazakh history researched sciences. Slaves’ history sciences are taken places and knight names explanation.
Hypothesis of researching:
Kazakh history presented more attention discussing its information.
Levels of researching:
1. catalogue works;
2. literature and achievement works;
Types of researching work:
• Gathering works of slaves;
• Spreading ways of names;
• “Batur” and “Ishan” discussing;
The object of researching:
In history was non researched connection with Kazakh sciences the object was raised as one of the researching problems.
Novelty of researching:
Materials were gathered according to the theoretical meaning.
Conclusion of researching:
In progress researching is concluded more information according to the theme.
The types of practical:
We use in Kazakh history lesson as in addition.
Кіріспе
Қазақ халқының этногенез мәселесін қарастырған М. Ақынжанов, С. Ахинжанов еңбектерінде ерте және ортағасырлық тарихтағы ескі рулардың, халықтардың, қазақтың шығу тегіне қатысы туралы айтылады. М. Ж. Көпейұлының шежірелік мұраларын жария ету ізденістері Е. Жүсіповтің еңбектерінде жүргізілген. Қытай, манчжур және моңғол деректерін зерттеп, аударып жеткізіп отырған Б. Еженханұлы, Ж. Ошан, С. Сұңғатай, Н. Базылхан, З. Хинаят, Қ. Мұхамадиұлы, А. Тойшанұлы, Д. Қатран. Б. Хинаят және т.б. ғалымдар дайындаған материалдар қазақтың шежірелік деректерін зерттеуге берері мол. Шежірелік басылымдарға орай аударма мен мәтіндік транскрипциядағы кемшіліктер туралы біраз зерттеу мақалаларында айтылған. Кейде шежіре деректері, тарихи фольклор мәліметтері деректік сараптамасыз айналымға енгізілетіні байқалады. Бірқатар еңбектер шежіре мәліметтерін этнография пәні тұрғысынан этникалық территория, халықтың шығу тегі, этноәлеуметтік, рулық құрылымы мәселелерін қарастыруда қолданылған. Бұл ізденістер Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров, Н. Әлімбай, Ж. Артықбаев, М. Жакин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жасалған. 1 Шежіре – қазақ руларының тегі шыққан түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениет тудырған әлеуметтік, тарихи білім, генеалогиялық жады сабақтасығы болып табылады. Шежіре ұғымының астарында «тарихи-әлеуметтік жады» түсінігі сақталған. Шежіре дәстүрлі білім құбылысы ретінде табиғи түрде қалыптасып, сан ғасырлар бойы ауызекі айтып, әңгімелеу мәдениеті жағдайында жетіліп, жалпы әлеуметтік, қоғамдық сипат алып жалғасып, ұрпақтардың рухани құндылықтары мен халықтың біртұтас этникалық өмірсүру жалғастығын баяндап, ұзақ дәуір бойынан берідегі ұлт тарихының терең тамырын тануға қызмет атқарды.
Шежіре, сондай-ақ қазақтың аса қадірлі ұлттық дәстүрінің бірі. Шежірелік баяндаулар жоғарғы құрмет статусын білдіретін түсініктің бірі ретінде халық санасына бекіген «жеті ата» ұғымының қасиеті мен оның генеалогиялық сипатын нақтылап береді. Алайда, шын мәнінде дәстүрлі дәуір тарихын баяндаудағы генеалогиялық білім жүйесінің қызметін дұрыс түсіну, яғни генеалогиялық принцип көшпелі тұрмыс кешіп, табиғи экологиялық орта талабына лайықты малшылық, бақташылық шаруашылықпен шұғылданған халықтардың мәдениетінде соларға тән дәуірлерді, тарихи кезеңдерді реттеуші принципке айналған.
Шежіре – генеалогиялық зерделікті сақтаушы әлеуметтік және қоғами-ұжымдық жады болғанымен, шежіренің негізгі мақсаты тарихи білім жүйесінде сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-әлеуметтік, идеологиялық-саяси сабақтастығын қаматамасыз ету. Осының барлығы ұлттық мәдениеттің тұғыры болғандықтан, оны тұрақты қоғамдық институтқа айналдыру мақсатында шежіре түсінігінің дәстүрі төңірегіне киелілік сипат ұғымы, ерекше қасиеттеушілік берілгені де байқалады. Халықтың фольклорлық мұрасында сақталған «жеті атасын білген ер – жеті елдің қамын жер» дейтіндей әлеуметтік формулалар осының бір даналық айғағы. Шежірелерді түрік көшпелі жұртының тарихты баяндау принципіне айналған құбылыс ретінде қарастыру әбден мүмкін.
Зерттеудің мақсаты – қазақ шежірелерін тарихи дерек ретінде зерттеу. Құлболдының тарихи шежірелерде алатын орны және батыр атануының мәнін ашып көрсету
Зерттеу міндеттері:
1. Құлболды батыр жөніндегі шежірелік деректерді жинақтау
2. Рудың таралу тарихын зерттеу
3. «Батыр» және «ишан» атағын иеленген Құлболды жөніндегі деректерді сараптау
Зерттеудің өзектілігі: Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады.
Зертеудің болжамы: Қазақ тарихын баяндауда шежірелік дерекке молырақ назар аударып, оның мәліметтерін талдап зерттеу – тарихи ізденіс үшін көкейтесті, ғылыми таным үшін маңызды, әрі ұлттық тарихнама тиімділігін арттыратын өзекті сала. Шежіре тақырыбы зерттеушілер үшін жабық болуы, «деректемелік ізденістері шеңберінен тыс калып» келуі, шежіреге сенімсіздікпен қарау әдетінен, таптық теория ұстанымдары салдарынан болған. Шежірелер аз зерттелген дерек түрі және тарих, деректану ғылымдарының дамуына оң ықпал ететін мәселе.
Зерттеу бөлімі
1. Арғындардың Қазақстанда таралуы
Арғы атасы Арғын-ата, одан Қодан-тайшы, одан Ақжол би аталған — Дайырқожа. Дайырқожадан:Бәйбішесінен- Қарақожа, Қарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам) Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік Мейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) Қарақожа тоқалы Момыннан Қарасопы, Кенжесопы, Бәсентин .Тоқалынан Тоқал-арғын аталған Сүйіндік, Саржетім, Шақшақ .Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қопыстапды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құпапөтпес, Терісаққан, Қума өзендеріиің аңғары, Қорғалжын, Теңіз колдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларьшың бөйы; ІІІығыс Қазақстанда Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Төқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу. Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасөр, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бөйы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.
Арғындар Кіші жүз жеріпде де мекен еткеп, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қөйбағар көлдерінің тоңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңыидағы алқаитар, Торғайға құятын Үлкептамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл тоңірегі.Жалпы алғанда, Арғын тайпасының қоныстанған жерлері осы. Рулардың орналасуы туралы деректерді архив құжаттарынан, әсіресе сыртқы округтер бойынша мәліметтер келтірілетін құжаттардан аламыз. Оларда мейлінше толық көріністер беріледі.
Арғын тайпасы руларының орналасуын Шығыс Қазақстаннан бастап, содан әрі жылжимыз. Топонимика елеулі өзгерістерге ұшырағанын көруге болады. Кейде қазіргі карталардап рулардың XIX ғасыр мен XX ғасырлардағы орналасқан жерлерін анықтау қиын, өйткені өлкенің отарлануына байланысты төңкеріске дейінгі әр түрлі деректемелерде көрсетілген атаулардың орнына, кейін орысша атаулар берілген. Бұл мәліметтерді неғұрлым кейінгі мәліметтермен салыстыруға тырысамыз және оқырмандарға түсінікті болуы үшін тым болмағанда оқырмандар біле бермейтін жерлердің шамамен алынған географиялық коордипаттарын немесе орналасқан жерлерін белгілі пункттерге, өзендерге, колдерге, тауларға т.б. байланыстыра көрсетеміз. Жоңғарлар қуып шығарылғаннан кейін қазақ руларының шығыстағы қоныстарына қайтып оралуы үш бағытта: Орта Азия жағынан Шу өңірі арқылы Сарыарқа даласы, Түркістаннан Ерейментау және Оңтүстік Сібірден (Ертіс, Ом өзендерінеп) Ертіс алқабы бағытында жүрді. Аңыздарға қарағанда, Сарыарқа даласына (Есіл, Нұра, Түндік озендері бойына) алғаш келгендердің бірі Қанжығалы руының қауымдары болған. Осы рудың билері Абыз беп Шомақ бос қоныстарға өз тайпаластарын шақыра бастайды.Жоңғар шапқыншылығы жылдарында көшіп кеткен Қаракесек руы Ташкент маңында тұрып, олардың биі Бертіс осы қалада белгілі бір қызмет атқарған. Қанжыгалылардың ұсыныс жасауы уақыт жағынан Бертіс бидің шөбересі Қазыбек бидің заманына тұстас келеді. Қазыбек би көшіп бару мүмкіндігін білу үшін Қу және Едірей таулары төңірегін мекендеген Қанжығалы руының билеріне өз адамдарын жібереді.Өкілдері жақсы хабар әкелгеннен кейін Қазыбек би Қаракесек руының өзі билейтін Бошан атасымен жәпе Қуандық руының Алтай атасымен бірге көтеріле көшіп Сарыарқаға, қанжығалылардың қоныстарына беттейді. Аңыздарда былай делінеді: Темеш (алтай) руынан Найман тайпасы 40 биені ұрлап, сойып алған. Наймандар ол етті ерулік дәстүрімен қонақасыға берген. Сосын жайылымды жаңадан көшіп келгендерге тастап, өздері көшіп кеткен.
Халық пен мал санының көбеюіне байланысты жердің таршылығы байқалып, қаракесектер қанжығалыларды Баянауыл тауына, ал Қуандық руының Алтай атасын Ақмола даласындағы Семізқыз тауыиа ығыстырған. Қаракесек руының қауымдары Кейт, Боқты, Қу, Едірей, Абыралы таулары мен соларға шектес жерлерді қоныстанды. XIX ғасырдың бас кезінде Ақмола даласынап және солтүстіктен (Ом өзенінен) Қарқаралы тауларына Тарақты руы көшіп келді.XIX ғасырдың 40жылдарында күші мығым Қамбар руы тарақтыларды Көкшетаудан ығыстырып шығарды. XIX ғасырдың 40жылдарында Абылай ханның кенже ұлы Шама сұлтан Солтүстік Балқаш өңірінің шөл даласыпан көшіп келген ДаданТобықты руын Шыңғыстаудан қуып шықты. Осылайша көшіп келіп, бір руларды екіншілерінің ығыстырып шығаруы аз болмаған. Сонымен, солтүстік ендіктің 50 градусы мен шығыс бойлығының 40 градусынан шығыс ендіктің 48 градусы және одан оңтүстікке қарай солтүстік Балқаш өңірінде арғындар көшіп жүрген және басқалардан гөрі олардың арасында Қаракесек руы өте көп болған. Осы көшпенді қауымдар негізінде 1824 жылы Қарқаралы округі құрылды, ал кейініректе олардың кысқы және жазғы қоныстары құрылды, төменде ол жерлер келтіріліп те отыр. Жоғарыда келтірілген болыстар бойынша ауылдар, шаңырақтар, халық сапы туралы да мәліметтер бар. 4 және 5кестелерді салыстыра отырып, XIX ғасырдың бірінші жартысында болған таксономиялық жіктердің (туыстықтың басталуын), сондай-ақ бір облыстағы рулардың бөлшектенуін немесе әр түрлі рулардың бірігуін анықтауға болады. XIX ғасырда болыстар ру атымен аталған және солар бойынша арғындардың рулық құрамындағы орнын анықтауға бөлады. Мысалы, Қарауыл, Шақша қ, Тобықты рулары арғындардың екінші тармағы Момындарға жатады .Округтегі ең көп Қаракесек руы бірінші топқа Мейрамсопыға жатады. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайтын жаңа парралельдерден басталады: Кошім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының (қараңыз: 2кесте). Қамбар Қаракесектің асырап алған баласының; БайбөріҚаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қөсылған Қаракесектің төртінші ұрпағының; Қарсен Қарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын Қарсен атасы мен Қуандық руы Қарпық атасының; ӘлтекеСарым осы аттас аталарыпың ҚояпшыТоғай Қаракесектен төртінші ұрпақ болатын Қояншы және Тоғай аталарының атымен аталады. Сондай-ақ, арғын тайпасында дербес болыс құрған Тарақты руын да атап өткен жөн. Егер XIX ғасырдың 30жылдарында болыстар мысалы, Қарауыл, ӘлтекеСарым сияқты біртектес болса, 40жылдарда болыстардың бөлшектепуі немесе түрлі рулардың бір болысқа бірігуі де біртектес болды. Мысалы, Тобықты болысы, Дадан, Мәмбет, КүшікТөбықты (Дадан Тобықты, сопдайақ Тобықтыдаи тарайтын бесіиші ұрпақ Мәмбет пен Күшік болып бөлінген. Ал ҚарауылҚамбар болысы екі, қарауыл қазақтарының бір болысқа біріккспіі/ көрсетеді. Алуаи түрлі қауымдардың мұндай бірлестіктері жайылымдарды және жалпы алғанда өз мүдделерін бірлесіп қорғау қажеттігінен туды. Шынына келгенде, 30жылдарда Қарауыл атасы 4 ауылдан, ал Қамбар атасы 10 ауылдан тұрған. Өстіп үлкен бір болысқа біріккенде ғана олар басқаларына қарсы тұра алатын еді. Бірақ болыстардың бөлшектенуі бұдан әрі де жиі кездесті, оған жайылымдардың жеткіліксіздігі мен жаңа қоныстар іздестіру себеп болды. Мәселен, 30жылдары Тобықты болысында басқалардың бәрінен де көп көрсеткіш 50 ауыл болған. 40жылдардың басында олар МәмбетТобықты, КүшікТобықты болыстарына бөлінді.1850 жылғы 18қаңтарда МәмбетТобықты болысының старшындары мен билері Қарқаралы округтік приказына бұл болысты (16 старшындық; 1723 шаңырақ) екіге бөлуді, одан 8 старшындықты (825 шаңырақ) бөліп шығаруды өтіне келіп, олар былай деген: «…басқа 8 старшындық пен болыс басқармасынан мүлде басқа жақта әрі алые қашықтықта (200 шақырымнан астам) болғандықтан, заңда көрсетілген міндеттерді атқаруда да, тығыз орналасқан қоныста малды азықтандыруда да қиыншылықтарға ұшырап келдік, қазір де ұшырап отырмыз». Сібір қазақтары шекаралық басқармасының ұсынысы бойынша, бұл болыс кейін: МәмбетТобықты және ЖүзМәмбетТобықты деген екі болысқа бөлінді. Одан бұрып, 1843 жылы, Байбөрі болысы екіге бөлінген болатын. Егер 30жылдары 279 ауылдағы 16532 шаңырақта барлыгы 115240 жан болса.1841 жылғы деректер бойынша Қарқаралы округіндегі 136 ауылдағы 15022 шаңырақта 101 251 адам болған.Ауылдардың, шаңырақтардың, халықтың бұлайша кемуіне, сөз жоқ, кейбір ауылдардың солтүстікке (Баянауыл таулары мен Ертіс жағына) және батысқа (Ақмола даласына) көшіп кетуі себеп болған. Облыстық басқару формасына көшкен кезде Қарқаралы арғындары дербес әкімшілік өлшем Қарқаралы уезі болып келген еді, ол уезд Шыңғыстаудың батыс сілемдерінен Мойынты озені мен Ақадыр шеттеріне дейін, Балқаш көліпен Баянауыл таулары аймағына дейіп созылып жататын. 1897 жылғы деректер бойынша, уезде барлығы 104569 қазақ болған. Онда 181 старшындық болып, олардағы шаруашылықтар саны 30 528ге жеткен. Алғашқы он жыл ішінде уезд халқы көбейіп, 38 616 шаруашылыққа жетті, олардың ішінде арғындар 32 515 шаруашылық еді. Қалған шаруашылықтар басқа тайпаларға жатады. (Олар жайында тиісті бөлімдерде айтылады). Қазақстанда облыстық басқаруды енгізе отырып, орыс үкіметі жаңа әкімшілік өлшемдер енгізуге, оларға рулық атау бермей, топономикасын қоса өзгертіп, рулық негізді түптамырымен жоюға ұмтылды (мысалы, Тоқырауын Тоқырауын өзені, Шұбартау ІПұбар таулары т. б.). Уезде барлығы 19 болыс болды. Мұндай саясат Ресейдің өзіндегі капитализм дамуына байланысты түбегейлі өзгерістерге сай келген еді. Жергілікті феодалдардың билігіне балта шабу арқылы патша өкіметі олардың қолынан экономикалық, саяси күштерді тартып алып, Қазақстанды жалпыресейлік қажеттерге байлап жатады. Олар бұл арқылы ең бастысы Қазақстанды өзінің өнеркәсіп тауарлары үшін шикізат базасы мен рыногына айналдыруды мақсат етті. Тарақты руы Шыңғыстаудың солтүстікбатысындағы Босаға, Шағай өзендерінің бойын мекендеген. Оның 104 шаруашылығы Қу болысы болды. Бұл болыста сол рудың Жантоқа және Тоқтауыл деген екі атасы жайлады. Уездің шығыс бөлігінде солармен қатар түрлі болыстарға бөлшектеліп кірген Қамбар руы тұрған. Айт және Олжас аталары (462 шаруашылық) Темірші, ал Толы бай, Шана, Сарман, Тілеу аталары (240 шаруашылық) Абыралы болысы болған.
Кейт тауларып Қарауыл руы мекендеген. Оның Байтуған, Құттықадам аталары (400 шаруашылық) Кент болысының құрамына енген. Қуандық руы Нұра өзені мен соған құятын Шиелі өзенінің бойыида, Батпаққара көлі төңірегінде көшіп жүрді. Бұл жерлерде Алтай тармағына кіретін жәие Ақсары болысын құрайтын Итболды, Байболды аталарының 250 шаруашылығы көшіп жүрген. Балқаш көлінің сәл солтүстігінен бастап, даладағы Сарыбұлақ жәие Жәмші жылгаларына дейін, Мойыиты өзенінің бойында Шұбыртпалы руьшың Көкала, Күйелі аталары мекеп еткен. Бұл аталардың 500 шаруашылығы Мойынты болысының құрамына енген.Қаракесек руынан кейінгі саиы ең көп Төбықты руы Шыңгыстау мен оның төңірегіне, әсіресе Ащысу мен Шаған өзендерінің арасына, сонымен қатар Ащысуға құятын Шынбай өзенінің бойына қоныстанды. Аңыздарда Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс XVIII ғасырдың 80жылдарының аяғында Көкшетаудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы Шама сұлтанды әкеліп, ол көп ұзамай жуантаяқ атасы қазақтарының билеушісі деп жариялапған делінеді . XIX ғасырдың 40жылдарында Шама батыр Дадан атасы Солтүстік Балқаш өңірі мен Қотанбұлақ алқабына қуып жіберген.Көп кешікпей Шама батыр жоғарыда аталған алқапқа көшкен. Шыңғыстауды жуантаяқ атасынан басқа Мұсабай, Көкше аталары мекендеген. Шыңғыстауды және оның солтүстігі мен шығысында жатқан кең даланы мекен еткен тобықтылар XIX ғасырдың екінші жартысында Семей облысының құрамына еніп, Шаған (10 ауыл, 1167 шаңырақ), Бөрлі (10 ауыл, 1451 шаңырақ), Шыңғыс (11 ауыл, 1155 шаңырақ), Мүқыр (2 ауыл, 1586 шаңырақ) болыстарымен қоса Қызылмола болысының бір бөлігін иеленген. Семей облысындағы 2606 шаруашылықтан тобықтылар дың үлесіне (Бесқарағай болысындағы азын-аулақ Тарақты руын 8 ауыл, 1239 шаңырақты қосқанда) 11284 шаруашылық тиген, ал барлық арғындар 12525 шаруашылық болған. Тобықты руынан қуып жіберіліп, Балқаш өңіріне кеткен Дадаи атасы Қарқаралы уезіпің 1252 шаруашылығы бар Батыс Балқаш болысы болды. Уезд жерінің қалған басым көпшілігі Қаракесек руының, оиың Бошаи, Майқы, Танас, Жылықбас, Сарым деген т. б. аталарыпың қонысына айналды. Олар Тоқырауып, Қусақ, Ашаңбел, Мұқыр өзендерінің бойын, Қарқаралы, Кепт, Қу, Едірей, Қарпытай, Қызыларай, Қоңыр тауларып, осы оңірдегі көптегеп алқаптарды мекендеді.Оларда 28036 шаруашылық болды. Қазақстанның шығысындағы жайылымдарға қазақтардың Орталық Қазақстан даласынан Ерейментау арқылы және одан әрі шығысқа қарай Баянауыл тауы мен көлдеріне, Ертіс өңіріне қайтып оралғаны жоғарыда айтылды. Баянауыл тауына бірінші болып Сүйіидік руы келген. Олардың келуі Сүйіпдік руының коптеген тармақтарын бастап келген Айдаболдың немересі Олжабай батырдың есімімен байланыстырылады. Айдаболдың өзі Ташкент маңында өлген. Олжабай батыр Абылай сұлтан әскерінде қызмет етіп, қалмақтарға қарсы күреске белсене қатысқан. 1730 жылы ол Айдабол руының жеті ұрпағымен Баянауыл төңірегінде қалмақтарды оңтүстікке қарай қуып, жері құйқалы, көлі тұнық, орманы киіздей Баянауыл тауы мен оның төңірегін өзіне қаратып алған.Айдаболдар өз иеліктерін одан әрі Далба, Қызылтау тауларына дейін ксңейткен. Айдабол руының жазғы жайлауы Көкшетау округіпің солтүстігінде, Айдабол руының белгілі биінің есімімен аталған Торайғыр көлі аймағында болған. Жоғарыда айтылғанындай, қаракесектер Қарқаралы тауынан ығыстырып шығарған Қанжығалы руы Ерейментауға, бір бөлігі Ертіс өзенінің бойына, Песчаный поселкесінің тұсына көшіп барған. Сол жылдары Қызылтау мен Далба тауына Сүйіндіктің асырап алған баласы Қаржастың ұрпақтары көшіп келген. Мұса Шормановтың (белгілі би, қоғам қайраткері әрі олкетанушы) бабасы Саты Түркістаннан келіп, Қылтауға қоныс тепкен. Оиың қыстағаи жері Сатытас деп аталып кеткеи. Жаздыгүиі Саты өзінің Қаржас руымен, сопдайақ Құлболды, Жаиболды жәие Орманшы руларымен (халық арасыида олар тортұл төрт туыстың ұрпағы деп аталып кеткен) бірге батысқа қарай алыстап, Итемгеп, Мамай көлдеріне кетіп қалған, ал ол колдер сол жерлерде жерленген тортұл билерінің есімдерімен аталған.
Айдаболдың Қаржас тармағымен қоса бұл жерлерге Бегендік руының Қозған, Тәңірберді және Сарық аталары коитіп келіп, Қызылтауға ірге тепкен. Осы жерге Жолболды руыиың Ормаишы атасы көшіп келді, бірақ олар, арғындардың басқа аталары сияқты, Орталық Қазақстаннан емес, қайта Іле өзенінің оңтүстігінен келген еді. Ертістің сол жағалауын Бәсеитиін руының көптеген аталары мекендеді. Сәмек, Бәйімбет, Күшік аталары Ертіс бойына 1800 жылы келген.Орыс үкіметі оларға Ямышев, Подстепной поселкелері арасылдағы жерді берді. Бәсентиін руының қауымдары жаз кезінде алыстағы Обь өзеніне дейіп еміперкіп көшіп барып, Алтай таулы округінің жерінде еркіп жайлап жүрді. Бірақ Сібірді отарлаудың күшеюіне байланысты (ХІХ ғасырдың 70жылдары) Бәсентиін руының қазақтары қайтадан сол жағалауға көше бастады. Бәсентиін руының Апай атасы кейіипен Павлодардың негізі қаланған жер маңында көшіп жүрген. Көлденең және Сатыбалды аталарының қонысы тортұлдар келгенге дейін де Баянауыл тауларының шығыс беткейінде болатыи. Төртұлдар келген соң, олар ығыстырылып шығарылып, өздерінің Апай атасындағы туыстарына көшіп барды. 1833 жылдың жазында жаңадаи екі округ: Ямышев бекінісі тұсынан, Баянауыл және Омбы бекінісінің оңтүстікбатыс жағынан Үшбұлақ округі құрылды.Басқаларымен бірге бұл округтер де Арғын тайпасы рулары мен аталарының көшпенді қауымдарына қараған. Егер Арғындардың рулық құрылымына назар аударатын болсақ, аталған болыстарға көбінесе өздері әр түрлі параллельдер мен таксономиялық жіктерден бастау алатын қауымдардың біріккенін көреміз. Мысалы, 1 5болыстар сүйіндік руына, ал оларға енетін қауымдар әр алуан жіктер мен аталық жіктерге жатады. Айтар болсақ, бірінші болыс үш негізден таралған: Ақбура мен Тұлпар ағайынды, ал І^аржас оларға иемере болады. 5болысқа Қаржас ұрпақтарынан: оның (Қаржастың) ұлы Алтын (Алтынторы) меи немересі Сатылганнан тарайтын ұрпақтар жиналған. Мұндай нәрсе Сүйіндік руының басқа болыстарынан да байқалады. Бұған оқырман Арғын руының құрылымына назар аударып көз жеткізе алады. Қозған болысы Бегендік руына жатады, ал қалған болыстардың қайсысына жататынын атауларынан аңғаруға болады.Баянауыл округі құрамында 122 ауыл болып, оларда Арғын тайпасының әр түрлі руларына жататын 6955 шаңырақ бар деп есептелген. 1835 жылғы деректер бойынша, округте 65 465 адам болғап. Баянауыл округіне жатқызылған бірнеше болыс Томск губерниясында: 19 ауылдан тұратын (1001 шаңырақ) Сәмеке Бәсентиіп болысы Бийск округінде Подстепной станицасы мен Босаға алқабына жақын жерде, 4 ауылдан тұратын (60 шаңырақ) Күшік болысы (Күшік Қаракесектің төртінші ұрпағы (қараңыз: 2кесте) Барнаул округінде Қарағай және Ақсеңгір алқабында көшіп жүрген. Сібір мекемелерінің бұратаналарды басқару туралы «Заңдар жинағының» 188 бабы негізінде бұл қазақтар іпікі шеп жерінен сыртқы округтер аймағына қуып жіберілуге тиіс болатын. Алайда сыртқы округтерде бос жайылымдардың болмауы себепті бұл шаруашылықтар Томск губерниясында уақытша қалдырылған еді.Санк-Пететербургтегі М. Е. Салтыков Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының қолжазба бөлімінде Жеке Сібір корпусы Бас штабы жаныыда жасалған «Сібір бастықтарына қарасты Қырғыз даласының картасы» сақтаулы, онда қазақ рулары қоныстарының шамамен алынған жерлері көрсетілген. Архив деректері мен әлгі картаның көрсетулеріне сәйкес, Үшбұлақ округінің шекарасы батысында Үшбұлақ мекені (Көкшетаудың оңтүстік-шығысында) ауданынан басталып, солтүстік-шығысында Ертіске дейін созылып жатқан; солтүстігінде ҮлкенҚарой, Теке көлдерін, оңтүстігінде Сілеті Теңіз көлін қамтыған. Бұл аумақ Үшарал округі таратылғаннан кейін Көкшетау округінің оңтүстік бөлігіне айналды, бірақ біз барлық мәліметтерді бастапқы округ бойынша келтіреміз, өйткені Сібір ведомствосының архив істерінде ол жөніндегі мәліметтер тым аз. 1835 жылғы мәліметтер бөйынша округте 54344 адам болған. Сонымен, округ аумағын Арғын тайпасының: қанжығалы және қарауыл руларының аталары мекендеген.Олардың қөныстары көбінесе Ерейментаудан шыгысқа қарай болған да, оның батыс жағына қарай көшкен . Әжібай тармағы Қанжығалы руының 8 атасын біріктірген. Жоңғарларға қарсы күресте ерекше көзге түскен Бөгенбай батыр Қаижығалы Бөгенбай деп те аталады. Ішкі жақта, яғни Ертістің оң жағалауында тұрған қазақтарға да арнайы тоқтала кеткен жөн. Бұл жерлер Семей ішкі округінің бір бөлігі болатын және эр түрлі ведомстволарға бағындырылған еді. Жер пайдалану ережелеріне сәйкес, қазақтар Кабипеттік жерлерде барлығы 787 шаруашылыққа (39,4%) учаскелерді жалға алып, Белағаш дал асы дейтін жерде; «еркін дала» аймағында 657 шаруашылық (33%); Сібір казак әскерінен жалдап алынған жерде 168 шаруашылық (8,4%) тұрды. 112 шаруашылық (6%) Семейде түрақты мекен етті, олардың Белағаш даласында егістігі болды.Округке есептелген 266 шаруашылық (13%) округ шетінен тыс жерлерде көшіп жүрді. Белағаш даласы дегеиіміз Семейден солтүстікке қарай жатқан кеңбайтақ жер, ал «еркін дала» Жалқарағай, яғни Шульба тоғайы. XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай бос жатқан жер еді, оған қазақтар қыстыгүні сол жағалаудан өздерінің табындарын айдап апаратын. Бұл жерге бірінші болып Уақ тайпасының қауымдары көшіп барды да, Семей округін ұйымдастырған кезде болыстың аты солардың атымен (Байуақ) аталды. Мұнда біртіндеп түрлі тайпалардың басқа рулары да көшіп келе бастады, сөйтіп көп ұзамай Белағаш және «еркін дала» бір Белағаш болысына айналды. Бұл болыстың 1444 шаруашылығынан Тобықты руының қауымдары 551 шаруашылық (38,2%), Қаракесек170 шаруашылық (11,79%), Тарақты 79 шаруашылық (5,49%) болды, ал бүкіл Арғын тайпасының шаруашылықтар саны 700 е ді (55,59%).XIX ғасырдың екінші жартысында Баянауыл және Үшбұлақ сыртқы округтерінің, Семей ішкі өкругінің қа зақтары Семей облысындағы Семей және Павлодар уездерінің құрамына енді (1868, 1881 жж. реформалар). Семей уезіндегі 26 062 шаруашылықтан арғындардікі 12 525 шаруашылық болды. Саны ең көп Тобықты руы еді, олар уездің оңтүстік-батыс бөлігін Шыңғыстау жазығын мекендеді. Тарақты руының көпшілігі солтүстік жағында, Черный поселкесі ауданында көшіп жүрді. 1893 жылғы санаққа қарағанда Павлодар уезінде 21 877 шаруашылықты біріктірген 144 старшын бөлған. XX ғасырдың бас кезінде уездегі шаруашылықтар саны 13,5 мыңнан астам шаруашылыққа көбейді. Мұншама көп шаруашылық қайдан келген және оны туғызған не? 1891 жылы дала облыстарын басқару туралы заң енгізілгеннен кейін орыс әкімшілігі қазақ шаруашыльқтарының әр облыс, уезге қарайтынын түпкілікті анықтауды талап етті.Павлодар уезі Томск және Тобыл губернияларымен шектесіп жатты да, оның көптеген шаруашылықтары осы губерниялардың жерлерінде, әсіресе Құлынды даласында көшіп жүретін, ал Құлынды даласында көшіп жүруге Министрлер Кабипетіттің 1880 жылғы 22қарашада бекіткен ережесіне сәйкес рұқсат етілгенеді. Тегінде, Павлодар уезінде шаруашылықтардың бұлайша күрт көбеюін халықтың табиғи осуімен ғана емес, сонымен қатар бұрын Томск және Тобыл губернияларының жерлерінде көшіп жүрген қазақ шаруашылықтарының далаға қайта қуылып тығылуымен де түсіндіруге болады. Уезде Орта жүз қазақтарының 35 396 шаруашылығы көшіп жүрген, олардың ішінде арғындардікі 27327 шаруашылық. Аумақтың негізгі бөлігін Сүйіндік руының Қаржас, Ңұлболды, Орманшы, Жапболды аталары алып жатты.Осы аталар «тортул» деген бір этнонимге бірікті . Құлболды мен Айдабол аталары Баянауыл, Далба, Қызылт ау тауларын қыстап, жаздыгүні Есіл даласындағы Торайғыр көліне қарай солтүстікшығысқа қашықтап кетіп отырған. Бәсентиін руы Ертістің сол жағалауында Ямышев бекінісінің тұсынан Песчаный поселкесі не дейін көшіп жүрген. Қанжығалы руы (Әжібай тобы) Жасанақ көліне құятын Шідерті өзенінің бас жағын, Жалаулы, Шолақ көлдерінің маның мекендеген. Бегендік руының қауымдары Ертістің оң жағалауында Белағаш даласының солтүстік бөлігінде көшіп жүрген. Арғындардың Шығыс Қазақстандағы орналасуын қарастыра келгенде, олардың батысқа арғындар ұйыса мекендеген Орталық және Солтүстік Қазақстан даласына ойысқанын көреміз: оңтүстігінде солтүстік-батыс Балқаш өңірін бойлай Сарысу, Сарыкеңгір және Қаракеңгір өзендеріпің бас жағымен, одаи әрі солтүстікке қарай оңтүстік-сібір жағына дейін жетеді. Осы кең өңірде барлық Орта жүз тайпаларының көптеген рулары мекен еткен, бірақ көбінесе арғындар басым болып отырған. Су көздері мен жайылымдары мол осы аймақты да кезінде жоңғар басқыншылары басып алып, қазақтар оларды кейін қуып шыққан. XIX ғасырдың аяғында жазылған аңыздар бойынша, арғындардың ірі атасының негізін салушы XVI ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Мейрам Ертістен Есілге, одан әрі Сарысуға дейін, яғни осы аймақтар шегінде көшіп жүрген.Бұл лагерьлерлерге жоңғарлар XVII ғасырдың 20жылдарында келді де, қазақтар негізінен батысқа және Сырдария бойына, ал кейбіреулері Нұра өзенінің орта ағысына ауа көшкен. XVII ғасырдың екінші жартысында Нұра орта ағысы мен бас жағында Қуандық, Қарпық, ал Ерейментау даласында Қанжығалы рулары көшіп жүрді. Қазақтардың жаппай көшіп келуі жоңғарлар қуып шығарылғаннан кейін басталды. Қанжығалылар Ерейментауға, одан әрі Ертіске және Ом өзеніне қарай қоныс аударды. Қарауыл, Атығай рулары Зеренді, Жалтыркөл, Саумалкөл т. б. көлдер айналасына, Мезгіл ормандарына, Көкшетауға, Есіл даласының солтүстік аудандарына көшіп барды. Бірақ негізгі көшіп қоныстанушылар Қуандық руының шаруашылықтары болды. Олар Есіл өзенінің орта ағысыида Нұраның төменгі ағысында бойлай жатқан көлдер төңірегінде, Нұраның орта және жоғарғы ағысы бойында, Құланөтпес өзені аңғарында, Қосағаш, Наршөккен, Семізқыз, Бұғылы, Сарытау, Нілді, Жамантоғалы, Ортау тауларында орын тепті.Терісаққан өзенінің Есіл өзеніне құяр жеріне дейінгі далаға Қуандық руының қауымдарымен шектесіп, Сүйіндік руы қоныстанды. Осы кең далада көшіп жүрген Орта жүз руларының қазақтары негізінде, жоғарыда айтылғанындай, үш округ: Ақмола, Көкшетау, Құсмұрын және кейіннері Атбасар округтері құрылды. Солардың алғашқысында басқалардан гөрі арғындар мейлінше көп болды. Ақмола округтік приказының деректері бойынша, Ақмола қонысының төңірегінде біржола орныққан, мал шаруашылығымен бірге диқаншылықпен де айналысатын 3 ауыл (215 шаңырақ) болған. Жоғарыда келтірілген кестеде болыстардың атаулары рубасылардың есімдерімен емес, қайта олардан тараған патронимиялар және таксономиялық жіктер арқылы берілген. Мұның өзі рулардың өсіп-өніп, бөлініп, жаңа эпонимдер мен параллельдер пайда болатынын, уақыт өте келе жаңа рулардың, өзінің рулық тегін жаңадан есептей бастаудың пайда болуына әкеп соғатынын көрсетеді. ЕнемТүығатар болысына бір кезде Қарауыл, ал XIX ғасырда тек оның немересі Түнғатар рубасы болған қауымдар бірікті. Бұл болыс атауының бірінші бөлігінің (Енем) тегі рудың неғұрлым ұсақ атасы немесе болыстың, ауыл ақсақалының аты болса керек. № 2, 3, 6, 9 болыстар Алтайдан (Қуандықтың ұлы) басталады.Осы болыстарға енген қауымдардың негізіне әр түрлі этнонимдер: Қареке, Мойын, Алысай, Байдалы ( алынған. № 4, 5 болыстар да Қуандықтан (екінші баласының немересінен , ал № 8-ші болыс үшінші баласының немересінен (ӨмірТемеш; қараңыз: 2кесте) тараған. Соңғы Қырғыз Төртұл болысына әр түрлі этнос біріккен. Бұл жөнінде сәл таратып айтқан жөн. Көшпенді қырғыз қауымдары Ақмола даласына сонау жоңғарларды қуып шыққан кезде келген еді. Кейіннен оларға Көкшетау төңірегінен келген қырғыздар қосылды. Соңғылары, тегінде, Кенесары сұлтанның Қырғызстанға жорығы кезінде соның жағында соғысқан қырғыздар болса керек. Кенесары жеңіліске ұшырағаннан кейін бұл қырғыздар қазақтармен бірге кеткен де, оларға Балуан көлі мен Сасықкөл маңынан жер берілген. Уезд атауының екінші бөлігіне келетін болсақ, аңыздарға қарағанда, Төртұл ру басы Сүйіндіктің төртінші ұрпағы болған Малай мен Жәдігердің ұрпақтарын біріктірген.1837 жылғы статистикалық деректер бойынша Ақмола сыртқы округінде 67091 адам болған. Солтүстік ендіктің 52градусынан Қазақстанның солтүстік шекараларына дейін орналасқан қазақ қауымдары (Сібір казак әскерлерінің Петропавл бекінісінен Пресногорьков бекінісіне дейінгі жерін қоспағанда) Көкшетау сыртқы округіне біріктірілді. Осы кеңбайтақ аумақта Орта жүздің басқа тайпаларымен гаектес тұрған Қарауыл, Атығай, Қанжығалы рулары мекендеген. Мұнда тек арғындарға ғана тоқталайық. Көкшетау округіндегі 13 810 шаңырақтан (09 050 адам) арғындардың үлесіне 5370 шаңырақ тиген, оларда, өз есептеуіміз бойынша, 26 850 адам болган. XIX ғасырдың 40 жылдарына қарай, яғни Көкшетау округі құрылған уақыттан 16 жыл өткеннен кейін шаңырақтар мен болыстар саны көбейген, ал төменде келтіріліп отырған кестеден бұған көз жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге арғындардың кошіп жүрген жерлеріи де білуге болады. 1824 жылғы ведомоста бар Қанжығалы болысының көрсетілмегеніне қарамастан, 16 жыл ішінде шаңырақ саны 3313 шаңыраққа артқан.Тегінде, ол болыс руластары Ерейментауда көшіп жүретін Баянауыл округіне берілсе керек. Көкшетау арғындарының тоғыз болысының алтауы Атығай руы да, үшеуі Қарауыл руы. 1824 жылмен салыстырғанда, 1840 жылға қарай табиғи өсімнің және басқа жерлерден туыстарының көшіп келіп қосылуына байланысты болыстар ұсақ бөлшектерге бөлінген. Көкшетау округі қазақтарында да жаңа параллельдердің құрылып, жаңа туыстық (таксономиялық жік) басталғанын көруге болады. Атығай руының өкілдері мынадай болыстарда бар, 1болысқа ағайынды екі адамның ұрпақтары Майлы мен Балта біріккен, олар Атығайдан тарайтын төртінші ұрпаққа жатады . Төмендегі халық аңызыыа қарағанда, Майлы деген лақап ат.Бір ашаршылық жылы бір топ қазақ көршілерінен 90 түйені ұрлап сөйып алады да, сонымен тіршілік етеді. Көршілері бұған кешірім жасайды (аштықтан аман қалу да олжа ғой!), бірақ ұрыларды «майлы», яғни «семіз ет жегендер» деп атап кеткен. 2 болысқа немере туыстар Бабасан мен Багыс біріккен. 3болыстағы Ақкиік, Қойлы мен Құлансу да сондай. 4болыста ағайынды екеудің ұрпақтары Баба мен Бағыс біріккен. 7болысқа біріккепдер Бәйімбет пен оның немересі Андағұлдың ұрпақтары. Қалған үш болыс Қарауыл руының ұрпақтарына жатады. 6 болыс Есенбайдың (Қарауылдан төртінші ұрпақ) ізбасарлары Қараша мен Ноғай, оның ұрпақтары халық арасында «алты ата ноғайқарауыл» деп те аталады. Арғын рулары Омбы мен Петропавл ішкі округтеріиің жерінде де көшіп жүрген. Өкінішке қарай, біздің қолымызда көшіп жүрген шаруашылықтардың саны туралы мәліметтер жоқ. Н. Е. Бекмаханованың есептеулеріне қарағанда, Омбы ішкі округінде 11285, Петропавл округінде 23949 қазақ болған. Біздің ел арасыпан жинап жасаған жазбаларымыз бойынша, аталған ішкі округтерде арғындардың екі руы: Атығай мен Қанжығалы қоныстанған.
Атығайлар Үлпан Қарой, Бейті көлдеріне, одан әрі батысқа қарай Кіші Қарой, Алабота, Жамантұз, Төраңғыл көлдеріне шектесіп жатқан Есіл озепіне дейіигі жайылымдарды мекепдсген, сондайақ олардың осы өзенпің оң жағалауында да бірнеше ауылдары бол гаи. Молімет берушілеріміздің айтуына қарағаітда, атығайлар Солтүстік .Қазақстатіға XVIII ғасырдың аяғыида өздеріттің кокшетаулық руластарынап кошіп келген.
2. Құлболды отбасының тарихы
Жолбике анамыздан туған Жанболды, Құлболды, Жолболды бұларға Қаржас қосылып, Төртуыл атанған. Жолбике ананың есімі кейіннен иесі Сүйіндік елінің ұранына айналды. Құлболдының Мақпал деген бәйбішесінен көрген тұңғышы-Күлік, ортаншы баласы Тұлпар, кенжесі- Айдабол.
Құлболды:1) Орта жүз арғын ішіндегі Сүіндік тайпасынан-Тоқшара, Оразгелді, Қаржас аталары өрбіген.Осылардың Оразгелдісінен-Маймақ,одан-Құлболды аталары тарайды.
2) Орта жүз арғын құрамындағы Бәсентиін руының ішінде де Құлболды атасы бар.
3) Ұлы жүз Дулаттың бір тармағы Жаныстан Жарылқамыс,одан-Бәйімбет (Қасқарау), одан-Бұқар,одан-Құлболды өрбіп,рулы ел болып отыр.
Құлболды аталарының қазақ арасында әр жүз ішінде кездесуі олардың қандас туыстастығынан да бұрын, ислам дініне мойын ұсына бастаған кезеңді басымырақ аңғартады.Яғни «Бір Аллаға құл болды» деген берілуден туындаған есім болса керек.
Құлболды батырдың зираты табылды.
Бір кездерде өз әулеті жайлы әр түрлі мағлұматтар бай феодалдарға қарсы шықты дегенді білдірді. Қазір де «трайбамум» сөзі жиі қолданылады. Егер де қазақтардың мемлекеті ешқашан бюрократты монолит болмаса, оның тарихы жүздер мен тайпалардан тұрса не істеуміз керек? Қазақтардың «Руың кім?» деп сұрауы әдепсіздік пен жаман ниеттің белгісі емес, бұл ешбір сұрақсыз «қай жерде туып-өскендігін» білу үшін қолданылады.
Осы жерлердің басшысы, арғындар-көптеген ауқатты әулеттердің бірі, өзінің тарихың асыл мұра ретінде сақтаған орта жүз тайпасы. Сондай-ақ бастапқы туыстықтың түп-тамыры сіңген-Арғын, одан Сүйіндік, одан Құлболды. Құлболды алты арғын тайпасының ханы болған. Осы алты арғын тайпасы Баянауылда Ертіске дейін созылып жатыр. Бұл жерлер оның ұлдарына Айдабол-би, Күлік, Ақборы, Тұлпар, Майлытон және Шегірге берілген. Құлболды-баба 1540-1630 жылдар аралығында өмір сүрді және би мен батыр, өз елінің қорғаушысы болды. XVI ғасырдың соңында Құлболды-батыр қазақтарды Иван Грозныйдың казак әскеріне қорғады.Өмірде болған кезеңде «әулие» атанды.
Бірақ та аты аңызға айналған ата-бабамыздың аты өз елінде сақталмады, ал оның қай жерде жерленгені әлі белгісіз. 90-жылдардың басында «Комсомольский» совхозының тұрғындары облыстық баскармадан ауылдың атын «Құлболды» деп өзгертуді сұрады және бұл өтінішке ономастикалық комиссия өз келісімін берді. Бұл кезде маслихаттан хабарлама келді. Хабарламада:«Сендер бұл сөздің аудармасын білесіңдер ме ?Құлболды деген «құл» және «болды» дегенді білдіреді. Сендер біздің ауылдың аталуын қалайсыңдар ма?» деп жауылған. Шешім жойылды. 1996 жылы Шылықтыбұлақта мешіт ашылып, Торғайдан Сүйіндік имам көшіріліп әкелінді. Сүйіндік имам-тарихқа қызыға қарайтын адам. Оның еңбегі үшін мешіт «Құлболды» деп аталынды. Сүйіндік имам бұнымен қоймай, Құлболды батырдың зиратын ісдестіруге кірісті. Ол жол үстінде, іздеумен үш жыл өткізді. Ертіс, Көкшетау және басқа аймақтарда іздеді. 1998 жылы табиғи тастан жасалған қорған тапты. Қорғанның қоршаулары мен ортасында өсіп тұрған ағаштар әр түрлі байлауыштар байланып тұрды. Ол Ерментаудың артындағы жолбасшы ауылындағы Ақмырза көлінің жиегінде табылды. Ол жерді мекен еткен Уақ тайпасының Құлболды батырмен ешбір қатынасы болған жоқ. Бірақ та бірнеше ғасырлар бойы оның зиратын сақтап келді. Оны тоқсан жастағы қарт сақтап келді. Өлер алдында өзімен тұратын ауыл тұрғынына тапсырды және иманға барлық білгенін айтты.
Дүйсенбек Аяшұлы мен Жақсылық Рахматулланың «Ахмет Ишан» аттымақаласында
Тегі бойынша Бағаналы наймандағы Тіней батырдың сегізінші ұрпағы, Сырда туып Арқаны жайлаған Ахмет ишан (1861-1926) жөнінде жаза келе,
Ахметтің әкесі Оразай ишан (1809-1891) әуелі Қоқан хандығындағы әс-кербасыла¬рының бірі бол¬ғанын жазған. Кейін жасы ұлғая келіп, ол қызметін тастап, әйгілі Марал ишанның шәкірті Құлболдыға қол беріп, бата алып, біржола дін ісіне көңіл қойған. Құлболды оны көп шәкірттерінен бөліп, “ишан” атандырған. Оған оның бойындағы дара қасиеттері себеп болса керек.
«Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді.
Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді»деп жырлаған Әбділда ТӘЖІБАЕВ өзінің «Сыр елі» толғауында:
Сайыпназар, Қалжан, Садық, Тапал ахун,
Аттары қатар бірге аталатын.
Бойынан өнеге мен үлгі жайған,
Киелі жандар еді бата алатын.
Атақты Құлболды ишан, қажы Мәді,
Жандары еді сұлу, қазыналы.
Әбдісадық ишан, датқа Басықара,
Аттары тарихта жазылады.
Махмұтбай Әміреұлының «Сәтбаевті емдеген Садық ахун» атты мақаласынан:
Қожа Ахмет Ясауи дәстүрі заман өткен сайын өміршеңдігін көрсетті. Қазақ даласына кең таралды. Осы дәстүрлі мәдениеттің гүлденген бір аймағы – Сыр өңірі болатын. Онда Яссауи дәстүрінің ізімен халыққа рухани-ағартушылық бағытта қызмет еткен діни ғұламалар – Құлболды ишан, Ораз ишан, Тапал ахун, Ақмырза ахун және Садық ахун сынды тұлғалар өмір сүрді. Ал, бүгін сіздерге осылардың ішінен Лұқпан Хәкімдей– Ораз медресенің дәрігерлік бөлімінің түлегі Садық ахунның Сыр жағасында қалдырған ұлағат ұясының ізі әлі жоғалған жоқ. деген үзіді келтірдік.
Тынышбек Дайрабайдың:
«XX ғасыр басындағы сәулет ескерткіші» деген мақаласында Құлболды – баба әулиенің мазары қабырғасының шаңы ем болады» деп есептеледі деп жазған. Топырағын суға араластырып ішсе ем болады, әсіресе бала ауруларына көмек болады деп баяндайдайды.
3. Құлболдыдан өрбіген ұрпақ
Қазақ жеріндегі қасиет қонған өзге де өңірлермен аты әрдайым қатар аталатын өлке – Баянауыл байтағындағы әулиелі Қызылтау екені баршаға аян. Әрбір төбесі мен құз-жартасына, айдын көлдері мен қара тасты қақ жарып шамырлап аққан бұлақтарына жақын келсең аңыз-жыр мен шежіре төгілетін киелі жерде есімдері әлемге әйгілі Алаштың аяулы асылдарының дүниеге келуі де тегін емес тәрізді. Әулиелі Қызылтау, Сарытау, Желтау,Сарыөлең секілді жерлер сан ғасыр бойы бабаларымыздың құт, береке, бақ дарыған, киелі мекендері болыпты.
Батыр бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы жерлерді жаудан қорғап, ұрпақтарына аманат етіп қалдырды. Кешегі кеңестік кезеңдегі коммунистік идеология шырмауына түскен кейінгі ұрпақтың халқымыздың асыл қазынасы болып есептелетін тілі мен діні, дінінен ажырап қала жаздағаны да ақиқат. Алаш жұртының жоғын жоқтап, халқының мүддесі үшін бастарын бәйгеге тіккен аптал азаматтар, ғұламалар мен әулие-әмбиелер есімдері ұрпақ санасынан ұмытыла бастағандай еді. Әйтеуір, әуелі ұлы Жаратқанға шүкіршілік ете отырып, тәуелсіздіктің кейінгі жиырма жылы ішінде, сөнгеніміз қайта жанып, өлгеніміз қайта тіріліп, ұлттық рухымыздың қайта жанданғанына тәубе дейміз.
Арғынның Сүйіндік балалары жайлаған осы Баянауыл жерінде не бір аруақты батыр бабаларымыз бен дуалы ауыз шешендер, билер, арқалы ақын-жыраулар, имандылық жолында арын жанынан артық санаған ғұлама, әулие- әмбиелер ғұмыр кешкен. Бүгінде көкірегі ояу, зердесі терең ел азаматтары ұмытыла бастаған бабалар есімін қайта жаңғыртып, олардың мәңгілік мекен-қорымдарына тастан белгі орнатып, ас беріп, ат шаптырып, шежіре-кітаптар шығарып, баспасөз беттеріне мақалалар жазып кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге ретінде келелі істер жасап жатқан жайы бар. Осындай бір игілікті шара Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин атындағы ауыл (ескі атауы Күркелі, бұрыңғы «Южный» кеңшары) азаматтарының күшімен маусымның 5-і күні ұйымдастырылды. Осы ауылдың тұрғыны, зейнеткер Нығмет Жәмінұлы еді. Кезінде партком хатшысы, кеңшар директоры қызметтерін атқарған ол кісі кеңестік кезеңдегі басшылық қызметінің ұйымдастырушылық мол тәжірибесін осы шараны өткізуде пайдаланды. Қалың оқырман Нығмет ағаның «Ертіс дидары» газетінің 2009 жылғы 11 санында басылған «Ата-бабаларым, өсіп-өнген ауылым» атты мақаласын оқыған болар. Онда Құлболды бабамыздың Ақбура ұрпағынан шыққан жеті әулие жайлы сөз қозғалады. Бұл жайлы автор өзінің көп жылдан бері зерттеп, жинап жүрген еңбегінде көпшілікпен өз ойын бөліседі.
Ақбураның өз кіндігінен тараған Қараалтай немересінің ұрпағы Шәуке батыр, одан Бекболат баласы Лекер әулие ұрпақтары Исабай қажы, Айтмұхамет, Әлмұхамет әулиелер өздерінің ерекше қасиеттерімен, періштедей таза, пәк жан-дүниелерімен ел есінде сақталған. Ол кісілер маңайындағыларға айрықша әсер етіп, шапағат-нұр төккен көрінеді. Бұл жолғы ас әулиелі Қызылтаудың күнгейіндегі Сарыөлең деген жерде, әулие бұлақ басында жоғарыда аттары аталған Лекер әулиенің баласы Исабай қажы, оның балалары Айтмұхамет әулие мен Әлмұхамет және өзге де қасиетті адамдардың аруақтарына бағышталып, дұға оқылды. Бұлақтың басында жеті әулие тегіс жиналып әңгіме, кеңес құрып отырады екен. Он сегіз шабандоз қатысып, 18 шақырымға бәйге өткізілді. Мұндағы басты мақсат ас ішіп, ат шабысты тамашалау емес, әрине. Бабалар есімін жаңғырту арқылы, ұрпақтардың бойына ата тегін тану, туған ата қонысты құрметтеу секілді қасиеттерді сіңіріп, оларды имандылыққа, елсүйгіштікке тәрбиелеу мақсататтары көзделді. Сарыөлеңдегі әулие бұлақтың көзін ашып, қоқыстан тазартып, тастан қоршау тұрғызып, әулиелер есімдері жазылған тақта-тастарды қоюды сонау 2002 жылы сол кездегі аудан әкімі, ұлтжанды, көкірегі ояу саналы азамат Қорабай Шәкірұлы қолға алып, арнайы қаржы бөлген екен. Бұл істің басы-қасында тағы да сол Нығымет ақсақал, ақыл-кеңес беріп, ойтүрткі жасап, әрдайым бірге болғанға ұқсайды. Қай дәуірде болмасын, әсіресе қазіргідей нарық заманында, оның үстіне әлемдік экономикалық дағдарыс деп аталатын кезеңде қандай да бір көпшілік шара өткізудің қиындығын әркім біледі. Осы істе де, қаржылай, материалдық көмек көрсетіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла қолдаған ел азаматтарының мәрттігіне қалай сүйсінбейсің. Осы орайда «Тұлпар» шаруа қожалығының басшысы Сағындық Балтабеков, «Южный» шаруа қожалығынан Серік Динабеков, баянауылдық кәсіпкер Орал Сартаев інілерімен, «Лекер» ұжымынан имам Мұқатай Шақаров, Талап Нығметов ақсақалдың балалары, Амантай Мұқышев, Мұрат Ыбыраев, бозшакөлдік ұлтжанды азамат Қайыркен Әужановтардың қомақты үлесін айтпауға болмайды. Бұл жиынға, Қарағанды қаласынан және осы облыстың Қазыбек би, Егіндібұлақ аудандарынан, Екібастұз, Павлодар қалаларынан арнайы қонақтар шақырылды. Ақмола облысының Ерейментау ауданы, Бозтал ауылында тұратын Лекер әулиенің тікелей ұрпағы, көкірегіне бабаларының қасиеті қонған, арқалы да, сәуегей 85 жастағы ана Мәкен Бекішқызы, оның баласы мен келіні, қызы Мазан, Клара, Жұлдыз және Лекер әулиенің тағы бір ұрпағы – осы жолдардың авторы арнайы шақырылған болатын.
Аталмыш жиынға қатысқандардың бәрінің болмаса да көпшілігінің рухы мен жан-дүниесі оянып, өзінің ата тегіне, ата қонысына деген мақтаныш сезімі асқақтай түскеніне күмәнім жоқ. Әсіресе, өскелең жас ұрпақ үшін, таптырмайтын тәрбиелік мәні бар шара екеніндігі айтпаса да түсінікті. Нығымет ақсақалдың сөзімен айтсақ, «Бабалардың кіндік қаны тамған қасиетті ата мекен, ата қоныс, алтын тұғырыңнан ешқашан ажырама, қайда жүрсең де бабалар рухы өзіңмен бірге жүрегіңде жүрсін» дейді. Осыдан артық қандай сөз тауып айтуға болады!
Бәз біреулер, мұны рушылдық пен жершілдікке, жік-жікке бөлінушілікке балайды. Меніңше, мұны да басқа қырынан қабылдап, өзіндік дұрыс көзқарасыңды білдіру керек секілді. Өйткені, мұндағы мақсат рушылдық пен жершілдік емес, тегінді білу, жеріңді танып білу емес пе? Қасиетті Отан деген ұғым, алдымен өз шаңырағың, кішкене ғана ауылың мен ата мекеніңнен бастау алады ғой. Бұл арада өз ата қонысымды асқақтатып, ал, қасиетті қазақ даласының өзге өңірлерін одан кем тұтудан аулақпын. Қазақ жерінің қай түпкірі болмасын, тұнып тұрған тарих пен шежіре екенін, атақтылар мен ұлылардың мекені болғандығын мектеп қабырғасынан-ақ бәріміз білеміз. Әсіресе осы Баян жерінде, әулиелі Қызылтау өңірінде аттары әлемге әйгілі Алаштың асылдары мен зиялылары, әдебиеті мен поэзия алыптары, діни ғұламалары мен әулиелері дүние есігін ашқаны тағы да ақиқат. Жаяу Мұса, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт, Мәшһүр Жүсіп, Қаныш, Әлкей, Шәкен, Қалижан, Қалмұқан, Зейіндерді тудырған өңір бұл. Осы жиында қазақтың алғашқы драматургі, режиссер Жұмат Шанин атындағы ауыл азаматтарының ауызбірлігі мен ұйымшылдығына өзге жұрт ризашылығын білдірді.
Жиынды ашқан Нығымет ақсақал бабалар шежіресі жайлы өз ойларын ортаға салып, әулие бабаларымыздың өткен өмірлерін әңгімелеп, жұртшылықты имандылыққа ауызбіршілікке шақырды. Нығымет ақсақалдың өзі де тегін адам емес секілді. Оның кісіні өзіне тартып, бірден баурап алатындығы, шежірелі қазынаға толы терең ойлы зердесі, бауырмалдығы мен адамгершілік, парасаты ерекше қасиетке мегзейді. Ол кісінің қасында жүрген көмекші-серіктері, ауылдастары жұмыла қызмет етіп, төрт жүздей адам жиналып, бірнеше киіз үй тігілген ұлан-асыр асты, дүбірлі ат жарысымен аяқтады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық, жүлделер таратылды. Айтулы қонақтар мен ел игі-жақсыларының иықтарына шапан жабылды. Нығаңның қасында бірге көмектесіп жүрген Сағындық Балтабеков деген азаматтың да ұлтжандылығына, кең пейілділігі мен нағыз ер жігітке тән мәрттігіне ел риза болды. Өз басым Сағындықтың бейнесінен кешегі серілердің болмысын аңғарғандай болдым. Бізбен бірге серіктес болып Бозшакөлден барған Қайыркен аға да, жол бойы жөн сілтеп, әрбір төбе мен қора, қорымдардың орнын жалықпай әңгімелеумен болды. Бұл бас қосудан ұққанымыз, Алаш азаматының өзінің тегін, түбін танып білуі үшін де, ұлттық рухының жоғары болуы үшін де, имандылықты өзіне биік тұғыр етіп жүруі үшін де, оған бағыт-бағдар беріп, жөн көрсететін көкірегі ояу, зердесі ашық, ұлтжанды ел зиялыларының орны ерекше екендігі. Олар барда ұлттық сана мен рухтың ешқашан құлдырамайтыны анық. Осындай зиялы ел ағалары мен аптал азаматтардың бар болғандығына қуандық. Рухымыз көтеріліп, ішімізден шүкіршілік етіп, тәубе дестік.
Бабаларға арналып қойылып жатқан белгі тастар, шежіре кітаптар келер ұрпаққа қалдырған солардың аманаты іспеттес. Өзендер қосылып теңізге құятыны секілді, осындай кішкене өңірлердің тарихы мен шежіресі жиналып келіп, жалпы қазақ елінің үлкен тарихына қосылады ғой. Ендеше мұндай шаралар ел үшін қай жағынан алсақ та өте маңызды, игілікті іс болып есептеледі.
Айдабол би Құлболдыұлы (т.ө.ж.б.) — белгілі би, шешен. Орта жүздің Арғын руының Сүйіндігінен тарайтын Құлболды батырдың баласы. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Ташкент қаласы маңында туып-өскен. Айдабол 13 жасында би атанған. Шешендік өнерімен, әділ шешімдерімен сый-құрметке ие болған.
«Айдабол би айтқан екен» деген сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Алысты болжап, адамгершілікті жоғары ұстаған ол дүниеқор, қиянатшыларды аяусыз әшекерлеген. Әділдігі сондай, бір дауда «Төрелішім дұрыс болмаса, ұлым Тайгелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп ант су ішкені туралы аңыз сақталған. Айдабол Құлболдыұлы Есім ханның тұсында би болған. Тарихта бізге белгілі бұл уақытта қазақ хандығы мен хандары Ташкент қаласымен өте тығыз байланыста болған. Орта жүздің Арғын тайпасы ішіндегі Сүйіндік руының бір атасы Айдабол би атымен аталады.Айдабол бидің сегіз ұлы, төрт әйелі болған. Бірінші әйелінен Жанқозы, Малқозы, Бозқозы, екінші әйелінен Аққозы мен Қарақозы, үшінші әйелінен Тайгелтір, төртінші әйелінен Қожагелді, Қосжетер атты ұлдары болған. Айдабол би және оның ұлдары жөнінде баяндайтын қара сөздер М.Көпейұлының жазба мұрасында сақталған.Сондай-ақ Айдабол би ұрпақтарынан Қазақстанға белгілі мәдениет, өнер және ғылым қайраткері, КСРО халық артисі Шәкен Айманов (1914-1970), атақты әнші, ақын Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), қазақ әдебиетінің классигі, ақын-ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920), КСРО халық артисі, Қазақстанныңеңбегі сіңірген мәдениет қайраткері Каукен Кенжетаев, ғылым қайраткерлері, академик Хамза Жуматов (1912-1972), академик Шапық Шокин, геолог-академик Жақан Ержанов, академик Арықтай Қайыпов (1814-1993), атақты Жасыбай, Олжабай батырлар, әкелі балалы Едіге және Шоң билер шыққан. Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті, тағы басқа атаулар би есімімен байланысты туған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шежірелік дәстүр аға буын ұрпақ тарапынан әңгімелеуімен, қарияның айтуыменен жалғасады. Олар, әрине, өзінің жеке, әрі бұрынғы ұрпақтардың маңызды тәжірибесін сақтаған субъектілер.
Шежіре сақтаған генеалогиялық мұра – қалыптасқан әлеуметтік әлем моделін келесі ұрпаққа жалғастырады. Қазақтың көшпелі шарушылығы мен қоғам құндылықтарын сақтаған, тасымалдаған дерек айналымындағы шежірелік мәліметтер бірнеше қайнаркөзден құралады: а) дәстүрлер, мәдени жиынтықтар, ә) наным-сенім түсініктері, б) діни хикая, рауаяттар. Шежірелер – дәстүрлі қоғам мұрағаты. Өзінің этникалық менталитет белгілері мен наным-сенім, ырым, космологиялық түсініктерін сақтау жағынан архаикалық қасиеттері артық; түркі ортасында, әсіресе қазақ халқында, генеалогиялық білімнің жүйесі аруақты құрметтеу, мифология, тарихи білім мен тұрмыс тәжірибесі, ұлттық салт-дәстүр, әдеп, әдет, сондай-ақ қожалар дәріптеген сахабалар рауаяттары мен мұсылмандық мифология да біте қайнасқан.
Шежірелер – осындай барлық адамдық, қоғамдық, елдік, жұрттық категорияларды тұтастырып қазіргі ұрпақ санасындағы жекетұлғалы өмірбаян өркенін жалпыұлттық бірқайнасқан өмірбаянға айналдыратын тарихи уақыт пен замандар түсінікті қалыптастыру мақсатында баяндайтын шежірелік мәліметтерді құрайды. Осы жайттар шежірелердің үрдіс әрі дәстүр ретіндегі рас болған тұлғалар.
Шежірелерге деген қазіргі қазақтың талпынысы, оны итермелейтін ішкі күші – тұлғалық сана. Қазіргі заманның адамдары да дәл бұрыңғыдай тарихи білімге құштар. Өйткені тарихи білім қоғамдық сананың негізгі құраушы компоненті. Қоғамдық санада үзіліссіз жалғасатын кез-келген білімнің түрі ең алдымен тарихи білім жүйесіне байланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі. – Алматы: Жалын, 1993.
2. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 2006.
3. Азат газеті. – 23.03.2005. — №11(108).
4. Салғара ұлы Қойшығара. Қазақтың қилы тарихы (роман-эссе). – Алматы: Жалын, 1992. – 57-б.
5. Сейдімбек А. Шежіре және уақыт // Егемен Қазақстан. — 22.04.2008.
6. Сейдімбек А. Шежіре – елтану мектебі // Егемен Қазақстан. – 29.11.2006.
7. ҚСЭ. 6-том. – 557-558-б.
8. Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. – Ташкент: Узбекистан, 1994. – 108-б
9. Абдрахманов С. Сынақтарға сақадай сай // Егемен Қазақстан. 5.12.2008.
10. Источник: Голос Экибастуза.- 1999.- 9 июля (№ 28).- С.3.