Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік

Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
Жоспар:
Қорқыт ата өмірі
Қорқыт – күйші, сазгер
Қорқыт ата еңбектері
Қорқыт ҮІІІ ғасырда Сырдария бойын мекендеген Қыпшақ-Оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған. Қорқыт жайында 12 дастаннан құралған «Қорқыт ата кітабы» аталатын жинақ бар. Бұл кітаптар Ватикан (Рим) кітапханасында және Дрезден кітапханасында сақтаулы.
Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға ақылгөй уәзір болған. Елді жаудан қорғау , жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу сияқты тәртіптерді белгілеп, әлеуметтік заң жүйесін жасаған.
Қорқыт өз ел-жұртының аянышты халін көріп, одан елді құтқаруды мәңгі-бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, елдің төрт бұрышын кезеді. Бірақ ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады.
Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ деген қорытындыға келіп: «Сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ» деген екен.
Тарих саласынан ерекше орын алатын түркі тайпасына ортақ ұлы перзенттердің бірі – Қорқыт ата. Тарихи деректермен халық шежіресі бойынша, Қорқыт – тоғызыншы ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, бақсы-балгер, аңыз кейіпкері. ҮІІІ – ІХ ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының мемлекеті болған. Халық аңыздарында Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарының Баят тайпасынан екен дейді. Сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен оғыздар арасында өмір сүріп, екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Қорқыт туралы ел арасында сақталған аңыздар көп. Бір аңызда Қорқыт ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш ханның тұсында уәзірлік қызмет атқарғаны туралы баяндайды. Ал Қорқыттың теңдесі жоқ күйші-сазгер болғанын халық жадында сақталып, біздің дәуірімізге жеткен «Қорқыт ата күйі», «Ұлардың ұлуы», «Қорқыт сарыны» аталатын музыкалық шығармалар дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар Қорқыт атаны өздеріне ұстаз, пір тұтқан. Өмір өздерінің өлең жырларын немесе бақсылық сарындарын бастар алдында Қорқыт атаның есімін ауызға алуды басты шарт деп білген. Сондықтан да халық.:
«Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата,
Бата алған балық бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда», — деп тегін жырламаған.
Академик Ә.Марғұлан: «Қорқыт мұрасына ие болғандарды төрт топқа бөлуге болады: оның біріншілері, — ежелгі бақсы жыраулар. Олар : Қойлыбай, Балақай, Қарамырза, Нысан абыз. Екінші – қобызбен күй шығарған атақты күйшілері: Әл-Фараби, Кербұқа, Ер Шегедей, Досан, Өтеболат, Қанғожа, Құрманғазы, Ықылас т.б. Үшінші – болжам айтатын ойшыл жыраулар: Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Әнет баба, Бұқар жырау, Тәттіқара, Майлықожа. Төртінші – Қорқыт дәстүрі бойынша қобыз бен жыр тасқынын ағызған құйылма ақындар: Жанақ, Сабырбай, Найманбала, Жұмағұл, Базар жырау, Ерімбет жырау, Абыл жырау т.б. Қорқыттың ақындық, күйшілік, бақсылық, ойшылдық мұраларының ХІІ-ХІІІ ғ. бойы бүкіл қазақ даласынан үзілмей келе жатқан керемет өнер желісі екенін дөп басып белгілеп берген.
Қорқыт күйлері мен жырларының маңызы мен мәні жайында академик Ә.Марғұлан 1950 жылы 4-5 мақала жазды. Ол еңбектер «Ежелгі жыр аңыздары» атты кітабында басылып жарық көрген болатын. Ал Қорқыт туралы тұңғыш зерттеу еңбектерін жазған Ш.Уәлиханов пен Ә.Диваевтар еді. Бұл еңбектердің барлығында да Қорқыттың қай дәуірде өмір сүргені, бейітінің қай жерде екені (Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы, Жусалы станциясынан 1,5 шақырым жерде Сырдария өзенінің бойына орналасқаны) әңгіме арқауына айналып, жырдағы сөз болатын тәлімдік ойлар терең талдауға алынған. Қорқыттың ақындығын жыраулығын дәлелдейтін фактілер оның «Қорқыт ата» кітабында көп дейді. «Қорқыт ата» кітабының бір қолжазба нұсқасы – Германияның Дрезден кітапханасында, ал екінші қолжазба нұсқасы – Ватикандағы (Италияда) Аростолика кітапханасында сақталып келген.
Қорқыт ата кітабының тәлімдік мәні күшті. Түрлі афоризмдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағатты ойлар біршама баршылық. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылдық, әрекетшілік, жайында айтылатын мынадай ақыл-нақылдарға ой жүгіртуге болады. «Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып бір күн тыныштық көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңір бақ бермейді. Дана ойшылдың ата-ананы сыйлау, құрметтеу, үй ішілік сыйласымды қарым-қатынас ұл мен қыз тәрбиесі адамның әр түрлі мінез-құлқы сипаттары жайында айтқан тағылымдары да бүгінгі ұрпақтарға да өнеге болғандай.
Мысалы: «Өзіңнен тумаса ұл өгей, қаншама бағып-қаққанымен ол саған ұл болмайды. Мыңғырған мал жиғанменен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз –жаман, атадан тағылым алмаған ұл – жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды».
Қорқыт ата жас өспірімнің елін жаудан қорғап, азамат болып өсуіне де ерекше мән беріп киелі ойлар қозғаған. Осыған орай ол былай дейді: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгеннен келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі.Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын». Кемеңгер ойшыл жас жеткіншектің жас қонақжай, көпшіл болуын сөзі мен ісінің бір жерден шығуын қалайды. Мысалы, «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық». «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді». «Өтірік сөз өрге баспайды». «Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық». «Сөзге берік шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп өмір сүрсе де аз» т.б.
Отбасы үй іші тіршілігінің береке-бірлігі, ұрпақ тәрбиесі анаға байланысты деп ұққан Қорқыт бабамыз оларды төртке бөліп қарастырады. Олардың бір тобы отбасының тірегі, үйдің құты қонақжай, үрім-бұтақтары өсіп-өнген жандар. Мұндайлар «Айша мен Фатимадан бата алғандар» деп ақылды, арлы, еңбекқор аналарды жастайынан тәрбиелеп шығаруды міндет санайды.
Қорқыт — ежелгі түркі тайпаларының ІХ-Х ғғ. Сыр бойында өмір сүрген ойшылы. ҮІІІ- Х ғ. надандық патриархалдық өмір өзгеріп далаға ислам діні феодализм бұлты келе бастағанда Қорқыт соның екеуінде сынап көшпелі тайпалардың еркіндігін жақтаған, ислам дінің орнына мамандық сенімді тұтатып, түркі тайпаларының мүддесінде болған. Ол Сыр бойындағы оғзы қыпшақ ұлысының құрылу, ыдырау кезеңдерін басынан өткерген адам. ХҮ ғ. Асан қайғы осы Қорқыттың ізін қуған.
Қилы-қилы заман болар,
Әулиеден би болар.
Үй басына бір-бірден молда болар,
Қас, жүзі қара сонда болар, — деген жерде Асан феодализмді әсіресе ислам дінін сынап отырса керек.
Көпке дейін біз қазақ эпосындағы осындай тапта феодалдық сарынды жете түсіне алмадық. Феодализм таптық қоғам, ендеше онда феодалдық халықтық мәдениет тенденцияларының бітімсіз тартыста болуы заңды. Біз өткеннің мұрасына тарихқа осы тұрғысынан басымдау келуіміз керек.
Бұл реттен алғанда жете танылмаған орта ғасыр ойшылдарының бірі – Қорқыт. Оның музыкалық, эпостық бай мұрасы. Бұл мұраға тек фольклор деп қарамай, шығыс Ресенансы тұрғысынан да келуге тиіспіз.
Өйткені «Кітаби Қорқыт» жырлары Қорқыттың күйшілік дәстүрлі орта Азиядағы мәдени оянудың ІХ-Х ғ/дың жарқын бір көрінісі болған еді. Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық үлкен прогресс болды.
Халық арасында Қорқыт туралы тасып жатқан аңыздар бар. Ол өзінің астындағы жалғыз түйесін сойып, терісін қобызына шанақ етіпті, дейтін сөзі бар. Қорқытқа тән басты қасиеттің бірі – бақсылығы. Баба Ғұмырды айтпағанда қазақ аңыздарында әруаққа сиынудың басы осы Қорқыттан басталған.
Қорқыт аңыздарындағы басты бір сарын оның ажалдан қашуы. Қорқыт өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүрген. Қайда барса да алдынан екі адам кезігіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға: «Бұл кімнің көрі?» деп сауал қойса,олар «Қорқыттың көрі» деп жауап қатады.
«Қайда барса да Қорқыттың көрі» деген афоризмді екі жақты түсіну керек. Біріншіден ІХ-Х ғ/да оғыз қыпшақ ұлысында әлеуметтік өзгерістер туған еді. Сондықтан Қорқыттың пессимизмін феодализм мен аталық қоғам арасындағы қайшылық ауыспалы заманның таңбасы дейміз. Оған дәлел көп. Мысалы, оның жырларындағы батырлар Өгізбен, Әзірейілді жеңе алмайды. Екіншіден осы ұғымды ертедегі сақ тайпаларының наным-сенімдері де бар. Олар адам өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, бақсылар Қорқытты дүниеге өлмей тірі кетті деген. «Өлі десем өлі емес, тірі десем тірі емес» деген сөз содан қалған. Бұл ұғымның ізі Шоқан келтіретін «Өлі мен тірінің достығы» деген ертегіде бар. Сонда ата баба культінде алынған Қорқыт «пендеге өлім парыз» деген ислам идеясымен күрескен болады. Қорқыттың өлімі сол идеяны жеңуін меңзеу ме дейміз. Қазақ аңыздарында Қорқыт бір ғана бақсы емес, көптеген күйлер мен дастандар тудырған тарихи тұлға. Кейін бұл аңыздар Ислам санасымен бояла бастаған. Бірақ бұл жай оның жырларында жоқтың қасы. Қорқыт жырлары дала поэзиясының басы, сондықтан оның жырлары мен күйлері, аңыздары қазақ халқына да ортақ.
Қорқыт жайындағы аңыздарды жинақтай келгенде, оның бойындағы үш түрлі өнері айқындала түседі. Біріншіден ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, маман. Ә.Диваев бақсы шағатай сөзі, ол балгер сиқыршы деген ұғымды береді.Бұл сөз мөнжүр елінде де бар. Оларда бақсы ақылшы, ғалым дегенді білдіреді. Екіншіден Қорқыт күйші, музыкант ең тұңғыш қобыз сарынын тудырған адам. Үшіншіден Қорқыт –эпос айтушы, әйгілі ұзын жырау оның жырлары оғыз қыпшақтарының өмірінен қалған әдеби тарихи мұра.
Қорқыттың аты ерте замандардан бері бар. Анатомия түріктері оны Баязид сұлтанның баласы еді дейді. Түрік ғалымы Абдулқадыр иман Қорқытты қобызда, тамбурда шебер ойнаған қазақ бақсылары сол Қорқыт атаға табынған дейді.
Қорқыт аңыздары көптеген ғалымдардың назарынан да тыс қалмаған. Мысалы, Вельмиинов «Қайда барсаң Қорқыт көрі» деген аңызды зерттеген.
Жоғарыда келтірілген Ә.Диваев деректеріне сүйенсек Сыр бойында Қорқыт бірде бақсы, бірде әулие. Түркімен аңыздарында Қорқыт-Инал ябы, Ирке дойлы, қай руларының көсемі. Наом мен Жәмиде, Қорқыт түркі тайпаларына әйгілі бақсы, сәуегей адам.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әбілмолдин К.Қорқыт ата туралы хикая//Ұлағат журналы №4, 2005-43-45 беттер.
Ә. Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991 ж.- 86-89 беттер.
3.Ескі түркі ескерткіштері туралы зерттеулер».Алматы: Мектеп 1993-58

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *