Қазыбек пен Бұқар

Қазыбек пен Бұқар
Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,- деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман. Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. Бес дегеніңіз – берекесіз ел жаман. Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман. Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз – толғанғаның. Он дегеніңіз — өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз, — болған екен.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты 2 томдық.
2.Бес ғасыр жырлайды, Алматы. «Жазушы»1980
3.Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармалары,Алматы 1992.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *