Қазтуған Сүйінішұлы ( XVғ. )
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен.
XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді.
Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай.
Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады.
Сөздік
қарға бойлы — низкого роста
айтулы – известный
қоныс аудару – переезжать, переносить стоянку
жорық жыршысы – походный сказитель
лайықты – достойный, подходящий
сақталмау – не сохраниться
дегенмен – тем не менее
айғақтау – свидетельствовать
құлан таза табиғат – чистая природа
қиял – воображение, вымысел
жүйріктік – сообразительность, хваткость
өткірлік – острота
көркемдік әдістер – красочные приемы
айқын суреттелген – ясно изображены
өзіндік ерекшеліктері – свои особенности
ұлттық бояу – национальное своеобразие
жасампаз – творческий
нақылдық – назидательные
көркемділік тіркес – художественное сочетание
үлгі ретінде – в качестве образца
сынды – такие как
Тапсырмалар
2. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын жоспар бойынша айтып беріңіздер.
3. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
4. Зат есімнен сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктерді жазып алыңыздар.
5. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: лайықты, табиғат, ерекшеліктер, білдіру, бейнелеу, айғақтау.
6. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктерді теріп жазыңыздар, жағын және жекеше немесе көпше түрін көрсетіңіздер.
7. Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері кездесетін сөйлемдерді жазып алып, сол сөйлемдердің синтаксистік талдауын орындаңыздар.