Қазақ шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы

Қазақ шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
Жоспары:
Грек шешендері
Рим шешендері
Философтар мен саясаткерлер
Қазақ шешендік өнері туралы философ – шешен Әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігіне тоқталған. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдарды Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты түрлі дау-дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікір-сайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айқын шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы, көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдап түсіндіреді.
Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар Протагор және Сократ, Платон болған. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған, оның астанасы- Афины.Солардың ішінде Лиси, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болған. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған.Алғашқы шешендер, философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққан. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған, онда Крас, Анатия, Кортенция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған. Францияда шешендік қақтығыстар мен таптық шайқастарда дамып қанат жайған. Францияда Жан Поль Марат, Максимилиа, Робеспер, Ресейде В.И.Ленин және Луначарский өзінің шешендігімен көзге түскен. М.Ломоносов «Краткое руководство к красноречию»деген еңбегінде орыс шешендік өнері туралы жазған.
Пікір сайысында шындықты іздеп табудың, ақиқатқа көз жеткізудің тәсілі ретінде Платон айтқан диалектиканың маңызын сөз етеді. Ол Аристотель ілімінде диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді. Таным мақсаты, Әл–Фарабидің түсіндіруінше, ең алдымен сол текке жататын нәрсе біткеннің барлығының болмысын анық білу. Өмірдегі заттардың табиғи түрде болатын заттар және адамның еркімен жасалатын заттар болып бөлінетіндігін, соңғылары теориялық ғылымдар арқылы емес, кәдімгі ұйымдар арқылы танылатындығын айқындайды. Сөйтіп барлық халықтарға жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең пайдалы, ең әдемі нәрсені анықтауға жұмсалатын ізгілік деп шешендерде болатын ойшылдық қабілетті атайды.
Қайырымды дала туралы ұғым – түсініктерінде Әл-Фараби қайырымды қала бес түрлі адамдардан құралады деп, ең құрметті адамдарға даналарды, пайымдағыштарды, маңызды істе беделді адамдарды, солардан кейін шешендер мен діни қызметкерлерді, сөзге шебер ақындарды жатқызады. Әл-Фарабидің айтуында, даналар мен пайымдағыш шешендерде болатын ақыл парасат күші — адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Бұл күш практикалық және теориялық болып бөлінеді. Теориялық күш – адамның дүниеде бар және қасиеті жағынан біздің жасауымызға немесе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгертуімізге келмейтін заттарды танып-білуге көмектесетін күш. Әл-Фараби эстетикалық ең жоғарғы категориясы – бақыт, өйткені ең жоғарғы игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Қоғамды жетілдіру арқылы адамдарды бақытқа жеткізетін өнерді логика өнері деп таниды. Логикалық өнерді қарастыратын ақыл-парасат, даналық, тапқырлық, өткірлік, ұғымталдық, интеллектуалдық қайырымдылыққа жатады деп түсіндіреді. Әл-Фараби өнеге етіп ұсынған қайырымды қаланың әкімінде қайырымдылыққа апаратын теориялық ақыл-парасат, практикалық ақыл-парасат болу керектігін көрсетеді.
Кейін ХІ ғасырда ғұлама ойшыл Ж.Баласағұн ақыл-ой парасаттылығына негізделген сөз өнері жайлы құнды-құнды пікірлер қалдырған. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегенде сөз әдебімен қоса тыңдау мәдениеті жайлы, тілдің қадір қасиетімен әсер ету күші туралы өнегелі сөздер бар. «Құтты білік» -жұртшылықты имандылыққа үндеп, тәлім тәрбие беретін ақыл-өсиет түріндегі даналық сөз, сондықтан ол дидактикалық туынды болып саналады. Шығарманың негізгі мақсаты — Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде адамдарды бақытқа жеткізер әділеттілік, әдептілік, білімділік, ізгілік, қайырымдылық тәрізді қадір қасиеттермен мінсіз қоғам құру, мемлекетті нығайту туралы жазылған. Шығарма тарауларында Баласағұн әділдік, бақыт, ақыл, молшылық сияқты қасиеттерді тірек етіп алып, оларға әңгіме-кеңес құрғызады. Осында тілдің пайда, зиян келтірудегі қызметі, бақыттың жақсылыққа бастар әрекеті мен жаман қылықтары, басшы адамға керек қасиеттер, ғылым-білімнің қажеттілігімен ерекшеліктері, адамдар мен қарым-қатынас жасай білу қабілеті, үйлену мен бала тәрбиесі т.б. көптеген мәселелер көтеріледі. Осылардың бәрінде де сөйлеу өнері басты шарт болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиеті тарихы 1,2 том
2.Ескі түркі ескерткіштері туралы зерттеулер»Алматы 1993ж
3. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы1992

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *