Қазақ тілі туралы

Қазақ тілі туралы

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, басқа елдердің жерінде тараған тіл (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Ауғанстан, Қытай, Иран, Түркия, Моңғолия т.б.).
Қазақ тілі түркі тілдердің қыпшақ тобына жатады, соның ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қарағаш тілдерімен бірге кыпшақ-ноғай топшасын құрады. Тағы да татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарай, қырымлы (қырым-татар) тілдеріне жақын.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуын пайдаланды. XX ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасына негізделген араб-парсы әліппесін (төте жазу) пайдаланған. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиін қолдануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліппелерді пайдаланады.
Қазақ тілі – көркем тіл, бай тіл. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. … Дін де осында, ғылым-білім де осында, әулиелік те осында» деген. «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып, сұрақ пен жауап беруге келгенде, таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді» – деген орыс ғалымы В.В. Радлов. Ал француз ғалымы А. Жарри де Манси «Қазақ тілі – түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі» деген.

Сөздік

топша – подгруппа
құрау – составлять
жазуы – письменность
өзгеріс – изменения
пайдалану – зд: использовать
негізделген – основанный

Тапсырма

1. Мәтіннің абзацтарына сұрақтар құрастырыңыздар.
2. Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
3. Мәтіннен есімше мен көсемшелерді жазып алып, олардың жұрнақтарын белгілеңіздер.
4. Мәтіннен көмекші сөздерді (жалғаулықтарды, септеуліктерді, демеуліктерді) қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *