Қазақтың рулары

Қазақтың рулары
Халқымыз іргелі үш жүз құрамынан тұрады. Әбілхайырдан бастап қазақтар үш жүзге тарайды. Олар :
Ұлы жүз – Ақарыс
Орта жүз – Жанарыс
Кіші жүз – Бекарыс
Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Ұран ретінде сол рудың белгілі бір атақты адамының аты қабылданатын. Қазақ жөн сұрасқанда: «Қай рудансың?», «Қай елсің?» — деп сұраған. Мысалы, басқа тайпа арасына барғанда, алдымен қай жүзден, қай рудан, сол рудың ішіндегі қай тармақтан екенін, содан соң қай атадан тарайтынын айтқан. Мысалы: «Ұлы жүзбін, оның ішінде қаңлымын, қаңлының ішінде тантамын, оның ішінде былғарымын», — деп, бергі атасына дейін атап береді. Қазақ ру-тайпалары өзара қатты араласқан. Бұл араласу, бір жағынан, бір-бірімен некелік қатынастар арқылы болса, екінші жағынан, ел басына күн туған соғыс, жұт, әр түрлі жұқпалы аурулардан қоныс аударудан болған. Сонымен қатар ру-тайпалардың араласуына тайпалар, рулардың бір саяси-этностық одақтар құруы әсер етіп отырған. Қазақтың «Қарға тамырлы қазақпыз» деген нақылы олардың бір-бірімен туыстас екендігін көрсетеді.
Қазақ қоғамының жүзге, руға бөлінушілігінің кейде келеңсіз, жағымсыз жақтары да бар. Өзінің шыққан тегін, аталарының шежіре тарихын әркім білуі керек. Онсыз адам тексіз, өнегесіз болып өседі. «Тегін білмеген –тексіз « деп қазақ атамыз бекер айтпаса керек . Бірақ өз шыққан тегін біле тұра, бүгінде сол ру-тайпалардан сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ деген біртұтас халықтың ұрпағы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді.
Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді — ру, тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Бұл жерде бір нәрсені ескерте кеткен жөн. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолданбайды. Оның себебі бұл сөздің бізге арабтардан келгендігінен болса керек. Бірақ ғылыми әдебиетте «ру» деген сөзді орыстың «род», ал «тайпа» деген ұғымды «племя» деген сөзбен атау қалыптасқандықтан, біз рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз. Әйтпесе «тайпа» ұғымы кей өңірлерде ру ұғымынан тар шеңберлі ұғым болып есептеледі.
Сонымен, тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн.
Қазақ қоғамындағы көпшілік тайпалардың атауы өте әріден белгілі. Мысалы, үйсіндер мен қаңлылар тарихи деректерде бұдан 2300 жыл бұрын аталса, найман, керей, жалайыр, қыпшақ, т.б. тайпалар тарих бетіне кейіннен, бұдан 1200 жыл бұрын шыққандығы белгілі. Аталған қазақ тайпаларының біразы басқа туыстас халықтардың да құрамында кездеседі. Мысалы, қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, қаңлылар туысқан өзбек, башқұрт, ноғай, татар, мажар (венгр), т.б. халықтардың құрамында бар. Бұл қазақ тайпаларының көпшілігі әріден келе жатқан этностық бірлестіктер екендігін және бұл тайпалар қандас туыстар бірлігінен гөрі этностық, этносаяси бірлестік екендігінің куәсі.
Шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Балаға кішкентайынан жеті атасының кім екенін жаттатып өсірген. Бір атаның балалары жақындығы жағынан 7 атадан асқаннан кейін ғана өзара құдандалық қатынасқа түсуіне рұқсат етіледі. Оны ел ақсақалдары арнайы рәсімдейді. XVII—XIX ғасырларда кейбір рулар туыстығымыз, берекеміз бұзылмасын деп, 13—15 атаға дейін өзара қыз алыспаған. Жақын туыстар арасында қыз алыспау тәртібін рулық экзогамия дейді.
Қазіргі заманға дейін қазақта зиялы қоғам өкілдері,үлкен ағаларымыз рулар шежіресін таратып отырады. Ол да болса біздің ақсақалдарымыздың көрегендігінің арқасы десек те болады. Сондай ақсақалдың бірі ұлы жүздің қариясы Нұрмаханбет Қажы Әжіметұлы. Ол өзінің кітабында бүкіл ұлы жүздің таралу тармағын көрсеткен. Нұрмаханбет атадан мен сұқбат алғанымда ,ол кісі былай деді: « Әкем Әжімет шежіре жаттаған ,сөз білетін кісі едә. Әсіресе,Қаңлы шежіресін көп айтып отыратын. Тегі біздің құлағымызға сіңе берсін,кейін өздері де айта жүрсін деді ме екен ,жарықтық. Сол кісінің айтқандарын алғашында ауызша жаттап жүрдім. Артынан , мектепке барып,хат танығаннан кейін дәптерге де жазатынмын. Шежіре тарих емес,шежіреде де сыр бар екен. Ұлттың болмаса да – ұлыстың, одан бергі рудың тарихы шежіреде сақталады екен».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *