Ілияс Жансүгіров(1894-1938 жж.)

Ілияс Жансүгіров(1894-1938 жж.)
Ілияс Жансүгіров – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысының Ақсу ауданы.
Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болады. Онан соң аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына 1925 жылы түсіп, 1928 жылы бітірген соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынады. Саяси репрессияның құрбаны болды.
Ілияс Жансүгіров – поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.
Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады. Ол қазақ әдебиетінде поэма жанрын түр мен мазмұн жағынан анағұрлым байытып, халық болмысын асқақтататын рухты ситуацияларға ден қоя білді. Оның поэзиясында эпикалық серпін мен лирикалық сезім мінсіз тоғысып, ақынның дара қолтаңбасын айғақтап отырады.
Ілияс Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі – «Жолдастар» романы. Ілиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар.
Ілияс Жансүгіров – қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары – қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқай шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге.

Сөздік

қалыптастырушы – основатель
жәдитше сауат ашу – обучиться грамоте
тағайындау – назначать (на должность)
саяси репрессияның құрбаны – жертва политической репрессии
өнімді еңбектену – продуктивно трудиться
маржан шоғырын дүниеге келтіру – создавший жемчужину
құнарлы да тегеурінді қаламгер – содержательный и сильный писатель
арқау болған тақырып – тема, ставшая основой его произведений
өріс – размах
нақтылы өмір көріністері – панорама настоящей жизни
қаламынан туған – из-под его пера вышли
он беске жуық көлемді – около пятнадцати
анағұрлым байыту – обогащать
асқақтау – тянуться ввысь, возвышаться
рухты – одухотворенный, вдохновенный
ден қою – обращать внимание
эпикалық серпін – эпическое вдохновение
лирикалық сезім – лирическое чувство
дара қолтаңбасы – зд: индивидуальный почерк
айғақтау – доказать
көлем – объем, величина
туындылар – произведения
сөз өнері – искусство слова
кемелдендіру – окрылен
көрікті – изящный, красивый
ұдайы – беспрерывно, подряд
шырқай шыңы – вершина
үлгі-өнеге – пример

Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
2. Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -ма, -ме; -ын, -ін, -н; -қы, -кі; -шы, -ші; -ла, -ле, -да, -де, -та, -те.
3. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
4. «Сын есім + зат есім», «үстеу + етістік», «зат есім + зат есім» сөз тіркестерін құрыңыздар. Сөз тіркесінің 1- сөзі мәтіннен болуы тиіс.
5. Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
6. Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
7. Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
8. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
9. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: тағайындалу, еңбектену, қызмет, айқын, қаламгер, туынды, ғұмыр, мұғалімді, қалыптастырушы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *