Шәкен Айманов (1914-1970 жж.)
Шәкен (Шаһкерім) Айманов – актер, режиссер, КСРО-ның халық әртісі 15 ақпанда 1914 жылы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүние… келген. Айманов мектеп бітірген… кейін 1928 ж. Семейдегі педтехникумға түсті. Театр өнер…мен әуестенушілік те осы кезден басталады.
Шәкен 1933 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының құрамы… алынды, Аймановтың актерлік творчествосы… жиырма жылы осы театрдың сахнасы… өтті. Ол Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Тихон (Островский, «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкер…нің жан дүниесін ашуға ерекшеленсе, режиссер ретінде шығарма… көркемдік идеялық мазмұны… дарытуға, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.
1947-1951 жж. Ш. Айманов Қазақ драма театрының бас режиссері болды. 1949 жылы өз инсценировкасы… қойған «Абай» спектаклі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлық… марапатталды.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдары… шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Туған жер», «Атаманның ақыры» фильм…і қазақ кино өнер…не көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. Әртүрлі кинофестивальдерде, симпозиумдарда Жан Габен, Жан Марэ, Лоуренс Оливье, Софи Лорен, Радж Капур, Френк Копра сияқты әлемдік киножұлдыздар… кездесіп, соларға еліктей жүріп, өзі сахна…, кино… ойнаған рөлдері… әлемдік биікке көтере білді. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақ… сахна өнері мен кино өнер…нің қалыптасып, шыңдалуы… айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
Ұлы режиссер Шәкен Айманов Москвада 1970 ж. 23 желтоқсанда қайтыс болды. 1984 жылы Алматыда «Қазақфильм» студиясына Айманов… есімі берілді. Ол тұрған үй мен студия ғимараты… мемориалдық тақта орнатылған.
Сөздік
әуестенушілік – увлечение
сахна – сцена
өту – проходить
сомдау – зд: изобразить
кейіпкер – персонаж, герой, образ
ерекше – особо, особый
ретінде – в качестве, как
көркем – художественный
мазмұн – содержание
дарыту – развивать
ой талғам – размышление
айырықша – особое
мән беру – придавать значение
дарынды – талантливый
сыйлық – награда
марапаттау – награждать
саласында – в отрасли, области
ұстаным – позиция, принцип
шебер – мастер
пайдалана білу – уметь пользоваться
төлтумалық – исконный, коренной
дарытқан – внедривший
өміршең – жизнеспособный
туындылар – произведения
еліктей жүру – подражать
әлемдік биікке – на мировую высоту
ойшыл – мыслитель
қалыптасу – формировать
шыңдалуы – совершенствование
айрықша –особое, значительное
ықпал ету – влиять
өшпес із қалдыру – оставить незабываемый след
тұрған үй – дом, где жил
ғимарат – здание
мемориалдық тақта – мемориальная доска
орнатылу – устанавливать
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
Шәкен Айманов 1924 жылы дүниеге келген.
-Ш. Айманов 1933 ж. атындағы Қазақ драма театрының құрамына
алынды.
Ол Отелло, Хлестаков бейнелерін сомдады.
1945-1947 жж. Ш. Айманов Қазақ драма театрының бас режиссері болды.
Айманов 1928 ж. Семейдегі педтехникумға түсті.
1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.
Әртүрлі кинофестивальдерде әлемдік киножұлдыздармен кездесті.
Шәкен Айманов Алматыда 1970 ж. 23 желтоқсанда қайтыс болды.
1984 жылы «Қазақфильм» студиясына Аймановтың есімі берілді.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Әр абзацтың бірінші сөйлемдерін оқып, қандай мәселелер қаралатынын айтыңыздар.
Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: ұстаным, өміршең, марапаттау, әлемдік, қалыптасу, дарынды, пайдалана білу, ерекше, еліктей жүру.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: дүниеге келу, кез, дарынды, қайтыс болу, есім, туындылар, айырықша.