Шешендік сөздердің түрлері

Шешендік сөздердің түрлері

Жоспары:
1.Шешендік арнау
2. Шешендік толғау
3. Шешендік дау
Шешендік арнау дегеніміз – адамдар арасында қарым-қатынас көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйіне бейнелейді.
Шешендік арнауға жататындар:1.Бата, 2.Сын сөздер, 3.Көңіл айту 4.Жұбату. 5.Естірту, 6.Сыңсу, 7.Әзіл оспақ, 8.Сәлем сөз
Шешендік толғау дегеніміз – халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді.
Шешендік толғауға жататындар:
1.Нақыл сөздер 2.Мақалдар 3.Жаңылтпаштар 4.Мысалдар 5.Жұмбақтар 6.Жарапазан 7.Қанатты сөздер
Шешендік дау –заттың және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді. Ар дауы адам намысын қорғайды.
Шешендік дауға жататындар:
1.Ердің құны 2. Жер дауы. 3 Жесір дауы 4.Ар — намыс дауы. 5. Отбасы дауы. 6 Халықтың ар-намыс дауы.
Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтың үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихат толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі қонысы, арманы айтылады.
Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.
Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа айтылатын насихаты толғау деп аталады.
Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады.
Ар дауы-адам намысын қорғаған.
Ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды.Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді
Шешендік сөз ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша таралған. Қонақтықта немесе бір мәселені талқылаған жиында көп жасаған кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құймақұлақ талапты жастар өнер қуған қыз-бозбалалар жаттап алып, жүрген-тұрған жерлерінде ойын, жиындарда айта жүрген.
Шешендік сөздер ертегі аңыздары мен халық поэзиясынан іріктеліп алынған тартымды шумақтары халықтың бірыңғай әдеби тілінің қалыптасуына себепкер болған.
Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған нағыз шебер болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын сөз сайысында саспайтын, батыл, ақылды, сабырлы болу тиіс.
Билер дегеніміз – халықтың көкейіндегісін айтқан. Көкірегіндегісін жарыққа шығарған. Әділетті шешушісі шешімін айтушы болған. Билерді барлық та, байлық та жасай алмаған. Билер өз тұғырынан топты жарған таразы басын тең ұстаған. Қара қылды қақ жарған әділдігі мен төрелігімен, асқан кемеңгерлігімен, данышпандығымен, сабырлығымен би атаған. Билерді от ауызды орақ тілді деп атаған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *