Шалкиіз (1465 – 1560 жж.)

Шалкиіз (1465 – 1560 жж.)

Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді. Көшпелі шонжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі.
Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті. Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткен 600 жолдың шамасы. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. 1917 жылғы төңкеріске дейін оның туындылары 12 өлең жинағы мен хрестоматияларға енді.
Шалкиіз туындылары – орыс тіліне тәржімаланған ақын-жыршылардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда төрт рет қайта басылды.
Шалкиіз Тіленшіұлы толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі болып табылады. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермейді. Турашылдығынан танбайды. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлуы сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы — түз тұрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары анық аңғарылады.
Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізді. Темір би өлгеннен кейін, Мамай мен оның кенже інісі Жүсіппен бірге болды. Исмайыл мен Жүсіп арасында күрес басталғанда, Шалкиіз жырау соңғысы жағынан табылды. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.


Сөздік

анасынан айырылу – остаться без матери
шонжар – знать, вельможа
таршылық – нужда, тяготы
дарын иесі – обладатель таланта
айғақтау – свидетельствовать
төңкеріс – революция
туындылары – произведения
тәржімелеу – переводить
оқымысты – ученый
қайта басылу – зд: вновь подавить
суырып салма өнері – искусство импровизатора
үлгі болып табылу – считаться образцом
әмірші – правитель
шашбау көтеру – угодничать, прислуживать
турашылдық – говорить правду
танбау – не отказывать
перне – образ, метафора
дөп басу – удачно действовать
әсерлілік – действенность
кезегені – нацелен
орып түсер өткерлік – говорить правду, быть резким в выражениях
нақтылық – точность, конкретность
сұлы сазды көркемдігі – красота, созвучие мелодии
шағын көлемді – небольшого объема
шымыр толғауларынан – сильные стихотворения-размышления
көне заман таңбасы – символ древнего времени
асау – дикий, неуправляемый
серпін – рывок, темп, ритм
ғасырлар көгінен – сквозь века
түз тұрғыны – обитатель дикой природы
этикалық қағидалары – этические наставления
Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
2. Мәтіннің абзацтарына сұрақтар құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: өткізу, серпін, ықпал ету, зерттеуші, әсерлілік,азғантай, мұра, айғақтау, ерекшелену, ерекшелік.
4. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
5. Мәтіннен болымсыз етістіктерді жазып алып, жұрнақтарын көрсетіңіздер.
6. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: тәржімалау, негіз қалаушы, қуат, қағида, шағын, көне, дәуір, анық.
7. Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
8. Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *