ХІХ ғ. Патшалық Ресейдің көші-қон саясаты және қазақ ауылдарының экономикалық дамуы.

ХІХ ғ. Патшалық Ресейдің көші-қон саясаты және қазақ ауылдарының экономикалық дамуы.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала бастады. 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу, Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1862-1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру туралы” ереже қабылданды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 адамға; дүнгендер саны 14136 адамға жетті. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейден, Украинадан Қазақстанға 1,5 миллионға жуық адам келді. 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі халықтың 81% құраса, 1914 жылы олардың саны 65%-ке төмендеді. Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады.Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары, өңдеуші кәсіпорындар дамыды.Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолында боды. ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде, Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын кәсіпорындар басым болды.1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі (1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі (1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында сауда байланысы дами түсті. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары: Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *