Фариза Оңғарсынова
1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауыл…нда туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттiк педагогикалық институты… тiл-әдебиет факультетi… бiтiрiп, Балықшы ауданының Еркiнқала, Октябрьдiң 40 жылдығы аты…ғы қазақ мектептерiнде ұстаздық еткен.
1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетiнiң партия тұрмысы бөлiмi… әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншiл жас» газетiнiң Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншiктi тiлшi қызмет…н атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионерi» журналының бас редакторы болып iстеген.
Алғашқы өлең…i баспасөз беттерiнде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктерi, таңдамалы шығармалары, «Бiздiң Камшат» повесi, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрдi.
Ленин комсомолы Орталық Комитетiнiң, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгici», «Парасат» ордендерi… марапатталған. Халық жазушысы.
Тапсырмалар
Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыз. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыз.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыз.
Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
Мәтіннен зат есімдерді (қатысты сөздерімен) жазып алып, жалғауларының түрін анықтаңыздар.