Түрік әдебиеті
ХІХ ғ. соңындағы түрік әдебиетіндегі серпілістер, әлемдік әдебиеттегі озық дәстүрлермен байланысы. 90 жылдардағы «Сервети — Фюнун» («Білім қазынасы») журналы төңірегіндегі шығармашылық ортаның табиғат, романтикалық, махаббат, пәлсапалық, мистикалық, лирикалық өлеңдер жазуы. «Сервети — Фюнун» журналының көрнекті ақыны Тевфик Фикрет (1867- 1915). Оның «Бұзылған Лютия» (1890) лотия – ескі замандық шекті музыка аспабы) кітабы.
19ғ.70-80жж. Романтизм.Жаңа түрік прозасының қалыптасуы. Халид Зия(1866-1945) психологиялық новеллистиканың негізін салушы. «Тыйым салынған махаббат» , «Көгілдір және қара» романдарындағы романтикалық портреттер, сентиментальды-мелодрамалық суреттемелер, зиялылар ортасындағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер.
Халық шығармашылығы байлығы негізінде қалыптасқан талантты жас ақындар тобы: Фарук Нафыз, Орхан Сейфи, Юсуф Зия.
«Хедже» — түрік фольклорында сақталған буындық өлшем. Хеджистердің өлеңмен жазылған пьесаларында халық ертегілерінің әуендері. Халықтық ән-күйлік фольклор әсерімен көркем образдардағы өлеңде тармақтық, ырғақтық, лексикалық жаңғырулар.
Яхья Кемаль (18841859) – аруз өлшемінің көрнекті өкілі. Омер Сейфиддин (1884-1920) –түрік сатирасын, жаңа реалистік түрік новелласын қалыптастырушы. Шығармаларындағы реализм, пәссапа, сатира, гротеск, памфлеттік әуен.
Назым Хикмет Ран (1902-1963) – жазушы, қоғам қайраткері. Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы. Түрік поэзиясына жаңа ырғақтар, еркін өлең түрін енгізуі. Өлеңдер жинақтары : «Күннің жыры», «835 қатар жол», «Үнін жоғалтқан қала», «Адамдық панорама» эпопеясы. Пьесалары: «Бәрі де ұмытылған», «Дарақы» — қоғамдағы жеке адамдар туралы шығармалар.
Әзиз Несин (1915) – түрік жазушысы,сатирик және юморист, драматург, көптеген әңгімелер жинақтарының авторы. Мысалы: «Хамди атты піл», «Ер азамат», «Отанымыз жасасын».Сатиралық романдары: «Футбол королі», «Зюбюк» (1916).
И