Тың игеру. Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды.Қазақстандағы тың жерлерді игеру ғылыми түрде зерттелмей өте асығыс жүргізілді. Тың игергеннен кейін Қазақстан 6 рет Отан қоймасына 1 миллиард астық берді. Бірақ бұл миллиардтар шын мәнінде ауа райы қолайлы жылдары ғана алынды. 1954-1960 жылдары Қазақстанда 25 миллион гектар жер жыртылды, кейінгі жылдары оның мөлшері 35 млн. жеткізілді. Ғылыми түрде зерттелмей асығыс түрде көп мөлшерде жердің жыртылуы салдарынан 9 млн.-ға жуық жер жартылай сондай-ақ толығымен эррозияға ұшырады. Республиканың ежелгі халқы – қазақтарды тыңды игеруге шақыру назардан тыс қалды. 1954-1958 жылдары Ресейден және Украинадан 640 мың адам әкелді, кейінгі жылдары олардың саны 1,5 млн.-ға жетті. Бұл республиканың демографиясына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақтар өз жерінде азшылық болып 1962 жылғы санақ бойынша республика халқының 29%-ын құрады.Сонымен бірге Қазақстанның географиялық жағдайы да үлкен өзгеріске ұшырады. 1954-1964 жылдардың ішінде тың өлкесі құрамына енген бес облыста 200-ден астам селолық және ауылдық кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертілді. Жалпы республика бойынша 3500 елді мекендердің жер-сулардың аттары өзгертілген.Әр түрлі Московский, Астраханский, Бауманский, Ростовский сияқты әр түрлі аттар пайда болып, бұрынғы атаулар алынып тасталды. Сонымен қатар тыңды игерудің мал жайылымына тигізген зияны үлкен болды. Мал жайылымдық жерлер азайды. Жылқы 3 есе, түйе 5 есе азайды. Тыңды игеру жылдары солтүстік облыстарда 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Бұл қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын тигізді. Бір мезгілде шет жақтардан өте көп адамның келуіне байланысты, оларға дер кезінде жағдай жасалмады. Соның салдарынан 1959 жылы Теміртау қаласында үлкен ереуіл болды. Ереуілдің себебі тамақтың сапасыздығы, ешқандай дұрыс жағдайдың жасалмауы болды. Ереуілге шыққан халыққа қарсы армия күштері жіберіліп, ереуіл үлкен қан төгіспен басып тасталынды.