Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері
8ғ. соңына дейін Пиреней және Орта Азияны, Солтүстік Африка мен Солтүстік Батыс Европаны иеленген араб шапқыншылығы.
Ежелгі ауызша араб поэзиясы.(Өсиет, мақал-мәтел, шешендік өнер).
7 ғ. араб жазба әдебиетінің пайда болуы, 3 кезеңнен өтуі. Біріншісі – ерте орта ғасырлық (7ғ,ортасынан – 8ғ. ортасына дейін), екіншісі – классикалық (8-12ғғ), үшіншісі – кейінгі орта ғасырлық(13-17). Араб прозасындағы дәстүрлік, шешендік- риторикалық мазмұнды иелену.
Ежелгі арабтардың сөз өнері (6-7ғ.). Б.з.д 1 мыңжылдықтың бірінші ғасырындағы Сабей мемлекетінің жоғары мәдениеті. «Муаллақ» атанған үздік өлеңдерін жазған ақындар: Имрулькайс, Тарафы,Зухайра, Аль-Хариса, Амра ибн Кульсума, антары, Лабида шығармаларын 8ғ. Хаммадтың «аль- Муаллакат» атты ерекше жинақта жинауы. Муаллақ өлеңінің өзге де авторлары:аль-Муфалдалем ад- Даббидың (8ғ. екінші жартысы), аль-Асманидың (740-825) және ақындар Әбу Таммам мен аль-Бухтурилар жинағы.
Әл Мухалхил 531 ж. шамасындағы бәдәуилердің таглиб тайпасының ақыны. Бәйіттерінің мпзмұны.
Имру -л-Кайс. Исламға дейінгі поэзия патшасы атанған бәдәуи ақыны, бәйіттеріндегі элегия. Сарай шайырларының поэзиясы.
«Құран» — араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) . Құранның 114 сүреден тұратындығы, Құранның ең ұзақ (екінші сүре 286 аят), ең қысқа сүрелері (103,109,110).
«Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем әңгімелер. Осы көркем әңгімелердегі Адам Ата мен Хауа анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) дейінгі адамзат тарихының елеулі оқиғаларының суреттелуі.