Тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан.
Азамат тарихы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары болған жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан б.з.д. 2,5 млн. жыл бұрыннан б.з.д. 5 мың. жылға дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі: Палеолит (ерте тас ғасыры) және Неолит (жаңа тас ғасыры). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта тас ғасыры) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. ж.– б.з.д. 40 мың ж.) және жоғарғы (б.з.д. 40 мың ж. – б.з.д. 12 мың ж.). Ең көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінік қалыптастыру үшін, олардың тіршілігін, олардың мекенін, еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді. Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда қоғамдағы негізгі үдемелі өзгерістерді қамтасыз ете алатын факторлар алынады.Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.з.д. ҮІ ғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХ ғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж. б. батыс ғалымдары, ХХ ғ.) және басқа варианттарын ұсынды. Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп, тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңге бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.з.д. ІІІ-мыңжылдыққа дейін), қола ғасыры (б.з.д. ІІ-мыңжылдықтан б.з.д. І-мыңжылдыққа дейін), темір ғасыры (б.з.д. І-мыңжылдықтан бері).Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Тас ғасыры өз ретінде көне тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді. Палеолит – көне тас ғасыры, ол б.з.д. 2,6 млн. – 12 мың жылдыққа дейін созылады. Ерте (б.з. 2,6 млн. – 35-30 мың жыл бұрын) және кейінгі (б.з. 35-30 — 12 мың жыл бұрын) палеолит болып екіге бөлінеді. Адамзат анайы шаруашылық қам-қаракеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен шектелген. Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д. 12-7 мың жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Тек соңғы он жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, алғашқы кезеңдер сияқты анықталмаған. Неолит — жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мыңжылдықты қамтиды. Соңғы жылдардағы зертеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Неолит – тас индустриаландырудың дамыған кезі. Тас өңдеу жаңа технологиялары пайда болды: аралау, бұрғылау, сүргілеу. Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мыңжылдық орын алады. Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарастырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады. Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар щель мәдениетіне байланысты, кезінде австролопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалды. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениеті ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.