Роза Бағланова
Роза Тәжібайқызы Бағланова (01.01.1922 жылы туған) – қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, Қызылорда облысының Қазалы қаласы… туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика институтында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармония…ндағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбль… Ұлы Отан соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концерті… қатысқан. 1947-1949 жж. Қазақ опера және балет театрының, 1949 жылдан Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән-өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасу…на ықпал жасады.
Р. Бағланова кеңес сазгерлер…нің, Кеңес Одағы халықтар…ның, сондай-ақ шетел халықтар…ның (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді т.б.) әндер…н орындайды. Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда т.б. елдерде концерттік сапарда болды. Ленин ордені…, медальдар… марапатталған.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арна… шығуына үлкен үлес қосты.
Тапсырмалар
Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыз. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыз.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыз.
Мәтіннен құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді табыңыздар: қызмет, майдан, өнер, ән, әнші, сапар, мәдениет, арна.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.