Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі

Рим әдебиетінің тарихи маңызы және оның антикалық қоғамдағы орны.Римдегі қоғамдық өмір мазмұнының әдебиетте суреттелуі. Әдебиетке дейінгі кезең (б.д.д ІІІ ғ. ортасына дейін). Рим фольклоры: әдет-ғұрыптық істер, фольклорлық драма, халықтық ойындар. Поэзия, проза (жазбалар, заңдар), шешендік сөздер.
1. Ерте дәуірлік кезең (б.э.д. ІІІғ. Ортасынан – ІІ ғ. ортасына дейін).Римдік тұңғыш ақындар (Ливий Андроник, Гней Невий); римдік эпос, трагедия, комедия,римдік театр.
2. Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті (б.э.д. ІІ ғ. ортасы- Іғ. ортасы).
Гректік риторика мен пәлсапа – римдік қоғамдағы құрал.
Шешендік сөз – саяси күрестегі әрекетшіл құрал және көсемсөзсөздік пішін.
Цицерон Марк Тулий (б.э.д. 106-43ж.) және оның әдебиеттің дамуындағы орны. Сотта сөйлеуге арналған сөздері, шешендік және пәлсапалық трактаттары, хаттары. Оның шығармашылығындағы қиялдағыдай үлгілі мемлекет қайраткері мен саяси соттың тұлғалы шешеннің бейнесі. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі, әлемдік мәдениет үшін маңызы.
3. Империя кезінің әдебиеті – рим әдебиетінің алтын ғасыры. (август принципатының дәуірі).Бэ.д. І ғ. екінші жартысы – б.э.д. І ғ. басы). Принципат –республикалықтан империяға өтудің түрі. Жаңа кезеңдегі әдебиет пен римдік классикалық стильдің қалыптасуы.
Вергилий Марон Публий (б.э.д. Іғ. Екінші жартысы * Іғ. басы) өмірі, шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Буколики»(«Бақташылық жырлары») жинағы; «Георгики»(«Жер өңдеу туралы жырлар») дидактикалық поэмасы.»Энеида» батырлық эпосының мазмұны, композициясы,көркемдігі.
Гораций Квинт Флокк (Бэ.д.Іғ екінші жартысы- Іғ,басы) — өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері.Пәлсапалық көзқарастар. «Эподтар»: жанр дәстүрі және оның римдік шындыққа қатынасы. «Сатиралары»: мазмұны, көркемдік әдіс, стиль ерекшеліктері.
«Одалары»:кітаптар, хронологиясы, грек лирикасымен байланысы, құрылым мен өлшемдік ерекшелік; тақырып (саясат, нақыл-өсиет,пәлсапа, достық, махаббат).Ақын бейнесі.
Гораций — әдебиеттің теоретигі, сыншысы. Горацийдің «Арнаунамасы», «Поэзия ғылымы» және Аристотельдің «Поэтикасы».
Латын тіліндегі жазба әдебиет және оның ерте замандық орта ғасыр мәдениетіндегі орны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *