Махмуд Қашқари, Әл-Баласағұни шығармаларындағы шешендік сөздер

Махмуд Қашқари, Әл-Баласағұни шығармаларындағы шешендік сөздер
Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт Әл-Қашқари. Ол Жүсіптің тұстасы, замандасы өкінішке орай күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. В.В.Бортольд, С.Е.Малов, А.Б. Хамидов, И.В.Стеблева оның атақты шығармасы»Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) 1072 жыл немесе 1078 жыл жазылған деп жүр.
Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бірақ неге екені белгісіз өте жас кезінен бастап туған мекенінен шығындап шығып, түркілер уалаятын аралап кетеді. И.В.Стеблева «Махмұт саяси жазадан қашқандықтан түркілер елін паналап жүрген дегенді айтады. Бұл ретте ол қазақ ауыз әдебиетіндегі өз елінде отандас бір батырды өлтіріп, қазақ даласына қашып кеткен.
Махмұт Қашқари саман әулетінен Орта Азияны тартып алған бектің де аты Хамир Тегін екендігін көрсеткен. Осындай пайымдаулардың бәрі автордың оғыз тайпаларының бірінен шығуы мүмкін екендігіне меңзейді» — дейді. Әмір Наджибтің мұндай бұлтартпас уәжін жоққа шығару, оған күмән келтіруге болмайтын секілді. Сондықтан да Махмұт Қашқари тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз, қыпшақ тайпаларынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанда мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті.
Махмұт өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған. Көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген. Кейінен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Оның да себебі бар. Белгілі Шығыстанушы, профессор Анас Халидов Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат, ат-түркін» құрастыру кезінде Исхақ Әл-Фарабидің «Диуани Әл-адабын» басшылыққа алғаны өзіне үлгі еткені жайлы айтады. Оны ол нақтылы мысалдармен дәлелдей алған. А.Хамидов әуелі екі еңбектің құрылыс, құрылымы да бірдей екендігіне көңіл аударады. Махмұттың түрік пен тайпасы мен Талас, Баласағұн өңіріндегі қазіргі Шу шаһары жайлы айтқан деректері оқушылар үшін қызық болғандықтан, оны үзіп жармай түгел келтірді.
Қашқаридың ХІ ғ 70 жылдары жазған бұл шығармасы Ү-ҮІІ ғасырға жататын «Күл Тегін», «Тоны көк», байланысты қайталайды.
Күні бүгінге дейін біз Баласағұн қаласынан шыққан «Құдатғу біліктің» авторы атақты Жүсіп хас-хаджиб Баласағұниді ғана білуші едік.
Баласағұни «Сырдарияның арғы жағында Қашқарға жақын» екендігін тілге тиек етсе профессор Уахит Шолекенов «Ұлы Жібек жолының үстіндегі отырықшы мәдениетінің, ірі орталықтарының бірі Баласағұн қаласы осы күні Ақтөбе деп аталатын орын деп жазады. Ғалымның өз аты — Әбу Абу Алла Мухаммад, әкесінің ныспысы – Мұса Баласағұни –оның Баласағұн қаласында туылғандығын білдіреді.
Халқымыздың тарихына үңілсек ХІ ғасыр басында Қазақстан жерінде Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі құрылғанын, қалалар мен қоныстар қайта жаңғырып, рухани өсіп, сауда саттық артқанын байланыс арқылы көреміз.
Жүсіп Баласағұн өз дастанында өнер білімге қажырлы еңбек пен зор талаптылық қана жеткізетінін ескерген. Ол өзінің ақыл кеңестерінде Абай Құнанбаевқа ұқсас түйіндер айтқан.
Талапты ер жалықпас,
Талапсыз өмір жарытпас.
Еңбекпен барлық қажетің табылар,
Еңбексіз ер қызықтан да жалығар.
Біліммен адам толығар,
Білімі оны зор қылар.
Ақылмен ғана адам хайуаннан ажырар,
Ақылмен ғана ер — әділет үшін құрбандыққа шалынар.
Өмірдің қасиетті парызы адамның адамға жақсылық жасауы деп ескертеді.

Өмір жолы көрген түспен тең,
Ғажайып, бірақ ұзақ емес.
Өмір қымбат болса да өлшеулі,
Жақсылық жаса қайырымды бол.
Ұлыққа да, құлға да өлім болар қақ.
Түбінде бәрімізге тағдыр ортақ.
Құмарлық, махаббат, сұлулық, туралы ойларында да толып жатқан ұқсастықтар бар.
Әркім де білер бұл дүниеде,
Сүйген жардың мінсіз боларын.
* * *
Ғашықтың көзі көр болар
Көрмейтін өзге дүниені
* * *
Ашулы адамды ақылдан айырады,
Ашу үстіндегі мейірімді адамның өзі зұлым.
Зұлым адам ұзақ өмір сүре алмас,
Өзінің зұлымдығы оны жұтар .
Зұлым адам бақытты да, қуанышты да білмес,
Тек мейірманды адам ғана дегенге жетер.
Жастық шақ өмірдің ең жақсы өрнегі,
Шындық пен мейірімділік болсын көргені.
Жастықты мәңгі бермеген,
Ақылсыз ер өтерін оның білмеген.
Махмұт Қашқари ІІ ғасырдағы түркі ғалымы. «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабы арқылы өз заманының аса білімдар тіл маманы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылды.
«Құтты білік» дастаны 85 тараудан тұрады, негізінен төрт салада тәлімдік мақсаттар орындалады.
Ақын ұлттық әдепке әсіресе тіл әдептілігіне көңіл аударған.
Тіліңді бақ, басың аман болады
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
Әділеттік туралы
Есте сақта, сөзімді қабыл ет
Пайда мінез, ұят пен әділетте.
Еңбек туралы:
Көз берді алла зат көріп құндау үшін
Құлақ берді үн естіп тыңдау үшін
Қос қол берді тірлікті қолдау үшін
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін
Ақыл дос туралы:
Ақылдыға қосылсаң бақытты боп өтесің
Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің
Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды
Олар сені құрметтеп сыйлап өтер басыңды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қыдыршаев А.С. Шешендіктану. Орал: «Ағартушылық лингвистикалық орталық». МКК. 2004ж. 154 бет
Мырзатай Жолдасбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек, Астана: 2001 ж 348 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *