Күләш Бәйсейітова (1912-1957 жж.)

Күләш Бәйсейітова (1912-1957 жж.)

Күләш Бәйсейітова – қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. К.Бәйсейітова КСРО халық артисі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
К. Бәйсейітова қазіргі Алматы қаласында 1912 ж. 02 мамырда дүниеге келген. Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі.
1930 жылы қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Ол аз уақыттың ішінде сахналық тамаша қабілетімен танылады.
Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» (М.Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды.
Е. Брусиловскийдің «Жалбыр» , «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды.
К. Бәйсейітова 1957 ж. 06 маусымда қайтыс болды.

Сөздік

негізін салушы – вкладчик, строитель
қоғам қайраткері – общественный деятель
дүниеге келу – родиться
өнерге бейімділік – склонность к искусству
жас кезінен – с молодых лет
байқалу – проявиться
бітірген соң – по окончанию
түсу – поступать
көркемөнерпаздар үйірмесі – кружок художественного мастерства
байқау – конкурс
дарын – талант
тұңғыш, алғашқы – первый
қабылдау – принимать
аз уақыттың ішінде – за короткое время
шеберлік – мастерство
шымылдық – занавес
басты – главный
ар — намыс – честь
парасатты – порядочный
болмыс – бытие ????
шабыт – вдохновение
тұлғалау – выделяться
қайталанбас – неповторимый
хас шеберлік – настоящее мастерство
танылу – стать известным

Тапсырмалар

Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем-бұрыс сөйлем).
1931 жылы қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады.
К. Бәйсейітова қазіргі Алматы қаласында 1912 ж. 2 мамырда дүниеге келген.
Күләш Бәйсейітова КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ол аз уақыттың ішінде сахналық тамаша қабілетімен танылады.
Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларында басты вокалдық партияларды орындады.
Қазақ музыка театрының шымылдығы 1936 жылы «Айман-Шолпан» спектаклімен ашылғанда, Күләш басты рольді ойнады.
К. Бәйсейітова 1957 ж.06 маусымда қайтыс болды.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтіннен бағытты, толықтауышты, құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер.
өнерпаздар үйірмесіне ——————— бітірді
қайталанбас хас шеберлігімен ————— орындады
парасатты болмысын ———————- қабілетімен танылады
аз уақыттың ішінде ——————— шабытпен тұлғалайды
көркемөнерпаздар үйірмесіне—————— дүниеге келген
Алматы қаласында——————————- белсене араласады
әншілік өнерге бейімділігі —————— белсене араласады
басты вокалдық партияларды —————— байқала бастаған
жеті жылдық мектепті ———————— танылды
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -шы, -ші; -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; -паз; -гер, -кер.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Мәтіннен үстеулерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар. Үстеулердің мағынасын белгілеңіздер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *