Кенесары батыр

Кенесары батыр

Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы. 1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Әкесі мен ағасының жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды.
1841 жылы Кенесары Қасымов хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге билер сотын қалпына келтірді.
1846 жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды. Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838 жылдың көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті де, Торғайға бет бұрды. Кенесары патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты — Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. 1841 жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды. Кенесары өзінің басты мақсаты – азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді.
Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты, дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп, басқару құрылымын құрды.
Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, руаралық қақтығыстардың жолын кесті. Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. Николай І империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қарарға қол қойды. Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе, Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды.

Сөздік

ұлт-азаттық – национально- освободительная
қыруар – множество
белсенділік – склонность к перегибам, политика перегибов
жалғастырушы – продолжатель
сана – сознание
құю – лить, вливать
қыруар еңбек – большой труд
басты мақсат – основная цель
қайта қалпына – в первоначальный вид
шариғат – проповедь
қалпына келтіру – восстановить
жасақ – ополчение, отряд, войско
отаршылдық – колонизация
ығыстыру – вытеснение, теснить
әрекет – действие, акт
бекініс – бастион, крепость
қоршау – ограждать, окружать
өртеу – поджог
төну – набрасываться, угрожать
ажал – смерть, кончина
құтылу – избавиться
бұру – повернуть
жақындату – приблизить
ұмтылу – стремиться, потянуться
келіссөз – переговоры
жеңілдету – облегчить
түсіндіру – объяснить
жалпыхалықтық – общенародный
үдете түсу – ускорить
елеулі күш – значительная сила
бекіну – укрепиться
қоршауға алу – окружить
азаттық – освободительный
қол жеткізу – достичь
ортақ – общий
түсіну – понять
алайда – все же, однако
қарқын – мощь, энергия
бірікпеу – не соединиться, не сложиться
көңіл бөлу – уделять внимание
қатаң тәртіп – строгая дисциплина
орнату – установить
бейімдеу – приспособить
басқару құрылымы – структура руководства
руаралық – межродовые
қақтығыс – столкновение
жолын кесу – перейти дорогу
қатты алаңдату – беспокоить, отвлекать
ең көлемді – самый объемный
қарар – резолюция
ымыра – примирение, уступка
шегіну – отступить
мәжбүр болу – быть вынужденным
бағыт – курс, течение
манап — привилегированное сословие феодально-родовой верхушки
тарапынан – со стороны
тойтарыс – отпор
тең емес – неравный
сақтау – сохранить
жұмылу – дружно взяться сообща

Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазаңыздар: түбір, көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау.
4. Мәтіндегі есімдіктерді жазып алып, олардың мағынасына қарай түрлерін белгілеңіз.
5. Мәтіннен берілген келесі етістіктермен сөйлем құрастырыңыздар: сақтау, орнату, шегіну, бұру, жақындату, ұмтылу, қол жеткізу, көңіл бөлу.
6. Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіз.
7. Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -ым, -ім, -ыс,- іс, -лық, -лік, (-дық, -дік, -тық, -тік)-шы, -ші.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *