Жұбан Молдағалиев (1920-1989 жж.)
Жұбан Молдағалиев (05.09.1920 жылы туған, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) – қазақ ақыны.
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: «Лениншіл жас» (1948-52), «Қазақ әдебиеті» (1955-56) газеттері мен «Жұлдыз» журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі Орал «Комсомол ұрпағы» газетінде (1939) басылды.
Тұнғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы жарық көрді. «Жыр туралы» поэмасында (1963) татар ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. «Мен қазақпын» поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. «Айттым сәлем» лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды.
1970 жылы Ж. Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Ж. Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монғол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.
Ж. Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Сөздік
одан кейінгі жылдары – в последующие годы
ауылшаруашылық – сельскохозяйственный
ұлттық ерекшелік – национальная особенность
реалистік тұрғы – с реальной точки зрения
жырлау – воспевать
таңдамалы шығармалары – избранные произведения
бірсыпыра – немало
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыз:
Жұбан Молдағалиев
Ол кім?
Қашан туды?
1940 жылы нені бітірді?
«Жыр туралы» поэмасында кімнің ерлігін бейнеледі?
Қай поэмасында қазақ халқының өмірін, ұлттық ерекшелігін реалистік тұрғыда берген?
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтіннен мекенжайды және еңбек құралын білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: бітіру, ерлік, бейнелеу, ерекшелік, бірсыпыра, марапаттау.
Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазыңыздар: түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.