Ежелгі түрік халықтарының шешендік өнері
Жүсіп Баласағұнның еңбектері
Дастан оқиғасындағы шешендік сөздер
«Құтты білік» кітабындағы шешендік
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы нақылдар және тіл өнері жөніндегі қанатты сөздер
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұни (1020ж.)
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұни Орта азияның белгілі ақыны.Туған жері-Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз орда» деп атаған.
Жүсіптің әкесі де ақын,өнерпаз кісі болған.
Қараханидтер мемлекеттің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғылым ретінде де атын шығарған еңбегі — «Құтты білік», «Құдадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған, түркі тілдес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр.
Шындығында да бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық, этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге,ой-талғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің, солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэма мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты талғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап»тұрады.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегіне тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдо Хұсаин»деген күй шығарған.
Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған Хал Хажыб деген атақ берген.Жүсіп Баласағұнның аты –жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің де мәнісі осында. «Хас Хажыб»-араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.
Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысалы: Нашаған қолжазбаларының ішінен оның 600 жылдан астам рубайлары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық талғамдары терең.
Дастанның оқиғасы
Күнтуды деген Елбасы бек болған. Даңқы дүйім жұртқа тараған білімді, адал, билеушісі еді. Барлық ісін ақылмен, саясатпен басқарады. Парықсызды жазалайды, ақылсызды қуады. Бұл бектің тұсында елі бақытты болды.
Сол елде және бір Айтолды атты көңілі зерек, ақылды жігіт бар еді «Бекер жүргенше, Күнтудыға қызмет қылайын», — деп жолға шығады. Жолында Көсәлім атты бауырмал жігітпен дос болып, ол Айтолдының мақсатын білген соң, Күнтудыға жақын жүретін Ерсік деген жігіт арқылы хабарын жеткізеді.Біраз уақыт Күнтуды Бектің сынынан өткен соң, уәзір болады. Бектің Айтолдының даналығына күннен-күнге көзі жетеді, сеніміне ие болады.
Күндерде бір күні Айтолды ауыр науқасқа ұшырап, өмірмен қош айтысады.
Уәзірінен айрылу Күнтуды бекке оңай соқпайды, бірақ ажалға араша тұру жоқ. Айтолдының өзі өлсе де, артында істеген ісі, жол ғибрат сөздері және Өгдүлмен атты ұлы қалады.
Арада біраз жыл өткен соң Өгдүмен ер жетіп, әке орнын басады. Мемлекет ісіне араласады. Күнтудының сеніміне қылдай сызат түсірмейді.
Өгдүлменнің Өдғұрмыш атты немере ағасы бар еді. Ол-дағы ел мұңын жүрек қайғысына айналдырып, ақылдың азабын тартқан, сөйтіп елден жырақ қалған, жалғыз өмір сүрген адам болатын.
Күнтуды Өдғұрмышты жанына алмақшы болып, Өгдүлмүшті жұмсап шақырады. Өдғұрмыш патшаға қызмет етіп, кіріптар болудан бас тартады, екі шақыртқанда да келмейді. Хатпен жауаптасқан Күнтуды Өдғұрмыштың даналығына көзі жетіп, екінші рет әңгімелесуге шақыртады. Бұл жолы Өдғұрмыш келіп, біраз келіп әңгіме-дүкен құрысады. Одан соң өз мекеніне қайта кетіп қалады. Бұл кісі 63-ке келген соң өмірдің қалған қызықтарынан безіп жер астына түсіп отырған. Иассауй сияқты өмірінің соңында елден безген Шәкәрім сияқты, ақылман адам еді.
Өгдүлміш пен Өдғұрмыш арасындағы сұрақ-жауаптарда осы мәселе сөз болды.
Өгдүлміш : — жасы келген адам дүниеден безу керек пе?- десе,
Өдғұрмыш: — адамға жақсылық жасау үшін қызмет ету сауап, — деп жауап береді.
Бір күні Өдғұрмыш түс көреді.Түсінде:Елу басқышы бар тайғақ сатымен көтеріліп ең басына шыққанда,бір атты кісі су ұсынады.Суды қанып ішкен Өдғұрмыш көкке ұшып, ғайып болып кетеді.Бұл түсті екеуі екі түрлі жориды .
Өгдүлміш: «Түсің жақсы-ақ түс екен.Сатыға шыққаның – атақ-даңқың әлемге танылып, абыройың асқаны, көкке ұшқаның – мәртебең биік болғаны,суды қанып ішкенің – ұзақ өмір сүріп, тіршілік қызығына батады екенсің »дейді.
Өдғұрмыш: «Елу басқыш сатының басына шыққаным-елуге келгенім, суды ішіп тауысқаным-өмірімнің таусылғаны болар. Өміріммен қоштасармын», — деп інісіне көп өсиет айтып қайтарады. Ажал сағатын жалғыз қарсы алады.
Өгдүлміш қайта айналып келгенде шәкірті алдынан шығып, ұстазының өлімін естіртеді.
Адамның кемелдену жолдары
«Құтты білік» кітабы ақыл, өсиет, дидактикалық сарында жазылған. Ақынның көтерген мәселесі кемел мемлекетті жасау, адамның кемелдену жолдары.
1.Баласағұнның ойынша адам баласының қадір қасиеті-білім мен ақылда.Бұл адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы.Ғылым іздеу мұсылманның бір парызы.
1.Ақыл қайда болса,ұлылық болады
Білім кімде сол білікті болады
2.Тілдің пайдасы мен зияны бірдей
Көп сөйлеме, азайт берер түйірін
Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.
3.Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті
Елдің басшысы ізгі болса,халқы да ізгі болады.
Ізгілік-оң,ессіздік -сол, жүзің -ар, оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.
4.Даңқ пен дәулетке шаттанба,ол бір орында тұрмайды.
Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,
Жиһангерлер жүре бермей тынбайды
5.Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.
Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.
Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.
6.Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол.
Қиды терген салып қоңыз сияқты,
Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
7.Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тіршілігін қылар.
8.Тексіз кісі уәзір бола алмайды.
Бет қандай болса, уәзір де сондай.
Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,
Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.
9.Намысшыл ер бол
Намысшыл ер жаудың исін басады,
Намыссыз ер жер бауырлап қашады.
10.Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла. Қайырымды бол!
Адам ба адам өз пайдасын күйттеген
Адам нағыз ел пайдасын діттеген.
Ж.Баласағұн кітабы: «Құтты біліктің» кейіпкерлері: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Осы төртеуі –кемелденудің кепілі. Кітап осы төрт кейіпкерлердің сұрақ-жауабына құрылады
«Құтты біліктен»:
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстар,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан:
Ұшқалақтың бірі, екіншісі сараңдық,
Үшінші ашу, соған егіз надандық.
Қырсығың-сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі-өтірік, жерге тірі кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Болсын сонда,басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы-өзімшілдік, залымдық,
Олар жұқса азғаны тек, қаныңның.
Екі түрлі достықтың бар себебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтырыс та, нала да.
Тағы бірі тек пайда үшін достасар,
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достассаңдар тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс ашуланба, шаршама.
Бұл өмірде тілеме одан еш пайда,
Алда құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос болып табысса,
Қатынаспа түйінін шеш қатысса.
Дос көңілін білгің келсе өзің де,
Сына ашумен, суыт сөзбен жүзіңді.
Білгің келсе сені сүйер сүймесін,
Сұра қимас өзі сүйген дүниесін.
Дүние қоңыз шетін көрсе пайданың,
Сенен кетпес «шеше», «әке»,-деп айналып.
Тілегенін бермесе егер сұрланып,
Көрмегендей бойын тартар тұлданып.
Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,
Соларға сен болмас қайғы ауырлық.
Дос, туыс сол қуанышта қуанар,
Қайғы келсе қасыңда боп уанар.
Сүйсін десең көп достарың өзіңді,
Тұз, нан ұсын, жарқын ұста жүзіңді.
Дастанның «Білім және шешендік туралы» тарауындағы қанатты сөздер мен нақыл сөздердің адам өміріне берер ұлағаты мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Байтұрсынов шығармалары. Алматы,1989ж
2.Қорқыт ата кітабы түркі тілінен аударылған. Алматы 1994ж
3.Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы мен түркология. Алматы 1987ж