Дәулет Тұрлыханов

Дәулет Тұрлыханов

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО- ның жеті дүркін, 1987 жылғы Европа, 1987 және 1989 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.
Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанады. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және сол Олимпиаданың жүлдегері болған шәкірті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.

Сөздік
күрес – борьба
зор табыстар – большие успехи
жету – достичь
бапкер – тренер
ықпалы зор – большое влияние
ғұмыр – жизнь
жеңімпаз – победитель
сайыс – соревнования
шәкірт – ученик
демеу бере білу – уметь поддержать
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем):
Дәулет Тұрлыхановтың бапкері әкесі Болат Тұрлыханов болған.
Д. Тұрлыханов 1990 жылғы XXVI Олимпиаданың қола жүлдегері.
Ол көптеген жеңістерге ие болған.
Дәулет Тұрлыханов -Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері.
Д. Тұрлыхановтың шәкірті — грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко.
Ол 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Дәулет Тұрлыханов екі олимпиадаға қатысты.
Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, анықтағышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді табыңыздар: жеңіс, күрес, ғұмыр, сайыс,бапкер, тәрбиеші, шәкірт,табыс.
Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: бірінші, грек- римдік, жеңімпаз, жеңіс, жүлдегер, болған, атанады.
Мәтіннен «Спорт» тақырыбына қатысты сөздерді табыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *