Дәрумендер әлемі

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі.

Тақырып: Дәрумендер әлемі.
Мақсаты:1.Салауатты өмір салтын сақтау.
2. Дәрумендер туралы жалпы мәлімет беру және дұрыс қорладну
3. Дұрыс тамақтану, пайдасыз тағамдарды қолданбау.
1 –жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, оқушылар,
Білім іздеп, құдық қазғандар.
2-жүргізуші: Құшақ жая, қарсы аламыз сіздерді,
Дәрумендер әлемінде ән шырқалар.
Олар біз танысатын « Шиһардан жеміс-жидектер көкөністерде өте көп мөлшерде болады.
1-жүргізуші: Ортамызға 3 сынып оқушыларын шақырамыз.
1-оқушы: Дәрумендер тірегің,
А В С Д Е деп аласың.
2-оқушы: Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
3-оқушы: А-қажет көзіңе,
4-оқушы: В — жүйкені тоғайтар,
5-оқушы: С- дан микроп безінер,
6-оқушы: Д -сүйекті нығайтар.
2-жүргізуші: Адамның дені сау болып, ширақ та сергек жүруі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
1-жүргізуші: Адам организміне әр түрлі қоректік заттар мен витаминдер қажет. Сонымен 3 «Б» сынып оқушыларының орындауында «дәрумендер» әнімен ортаға шақырамыз.

Дәрумендер
Дәрумендер сендердің тірегің,
Дәруменсіз не істерің білмерсің.
Жетіспесе саған оның бірі,
Ауырып қалар едің сен тағы.
Қайырмасы: Қажет көзіңе А дәрумен,
Жүйкені тоғайтар В дәрумен.
Сүйекті нығайтар С дәрумен,
Дәрумендер 6 рет.
Біздер дәрумендер.
2-жүргізуші: Тамақты ішсен күнде сен,
Белгілі бір мезгілде.
1-жүргізуші:Таңертен, түс, түстен соң,
Жатар алды кезінде –деп 3 «А» сынып оқушыларын көрініспен қарсы алайық.(Көрініс)
2-жүргізуші: «Ас адамның арқауы» деген сөз бар ежелден.
1-жүргізуші: Бойға сіңіп тарқауы,
Үшін керек ереже – деп 3 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Сиқырлы аспазшы көрінісі.
Арқасында ауыр сөмкесі бар сабақтан толық бала үйіне келеді. Сөмкесін тастай салып, аяқ киімін лақтыра сала, ас үйге кіреді. Ас үйде үстелдің үстінде тұрған тамақты тез жей бастайды да, «Ой , тойғаным –ай!»-деп диванға құлай кетеді. Сол жерде түс көре бастайды, үрейлі музыка естіледі. Түсінде жан-жағында түрлі хот-дог, сэндвич «қолдарымен қармалап», кола «тасып төгіліп» баланы қаумалап алады. Бала шошынып, ынырсып қозғалап дұрыс ұйықтай алмай жатады. Жатқан дерінен жерге аунап түсіп, басын құшақтап отыра қалып, қолын жан-жаққа сермеп « Болды жетті, кетіндер»-деп айқалайды. Сол кезде зиянды тамақтар шегіне бастайды. Осы кезде алыстан періште беінесінде « Сиқырлы аспазшы» көрінеді:-Балақай саған не болды? Көтер басыңды!
Бала таңырқап, түсінбей жан- жағына қарайды.
Дауыс: балақай тұра ғой!
Бала түк түсінбеген кейіпте, орнынан тұра бастайды
— Бұл кім?-деп жан-жағына алаңдап, аңырқап қарайды.
-Қорықпа балақай, мен саған тек жақсылық тілеімін.Мен сенімен достасуға келдім.
-Қандай доссың? Мен сізді танымаймын. Негізінде мен аспаздардың істегенің ұнатпаймын, дайын тамақтарды жақсы көремін. Әрі жәмдә әрі керемет.
-Жоқ, мен саған бәрібір доспын. Қане келші, мен сені «Сиқыршы аспазда әлеміне» алып барайын.
-Не-ме-не (менсіңбей күледі)? Сиқырлы әлем?мен кішкентай бала емеспін ғой! Ғажап, сиқырлы әлем, не деген әсерлі сөздер.
-Жо-жоқ, мен бәрібір реңжімеймін, себебі бір жақсылық істі мәртебелі іске тұрарлық . бала мұндай сөздерден кейін, «Иә, мүмкін барып көрсем бе екен, Жоқ әлде мені жай алдау ма екен, жоооқ не де болса, барып көрейін»-ойлайды.
Бала:
-Жарайды мен келістім, бірақ бір шартым бар.
Аспаз:
-жақсы мен тыңдап тұрмын,-дейді.
-олай болса, егер мен ол жерді көргенде оны ұнатпай қалсам онда бірден кері қайтам!
-Жақсы, келістік, дегенмен біздің әлем-сиқырлы!
Музыка әуелә ойнайды «Ертегілер әлемі»
Билеген дәрумендер айналып жүреді.
-Қош келдің ,балақай, дәрумендер еліне, төрлет!,-деп биллей жөнеледі.
-Мәссаған, мынау шынымен сиқырлы ел ғой.
Аспазшы мен сізге сендім, шынымен де сиқырлы әлем екен ғой.
-Иә, балақай бұл басы ғана.
(Бала да айналып жүгіріп ана дәруменге барады) – Міне, ғажап күнде көріп жеп жүрген жемістер-көкөністер тірі болғаны қызық екен.
— Иә,-дейді алма, біз де тірі жандармыз.Біз де өзімізді күткенді, бағып қаққанды жақсы көреміз.
-Сондықтан да,-дейді тағыда бір жеміс-егер бізге көп тер төгіп, еңбектеніп баптаса,мол өнім береміз.
-Иә дұрыс,-дейді тағы біреуі-бірақ сен бізге қарамай жүрсін ғой. Ал енді біздің қасиетімізге құлақ сал. (Витаминдер жайлы айтады).
Әрдайым балалар, дұрыс тамақтануды естен шығармайық.
Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі екенің ұмытпайық!
2-жүргізуші:Өте жақсы.
Жиырмаа бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында.
1-жүргізуші:Денсаулықтарын мықты болсың,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсың –деп 3 «Б» сынып оқушыларын көріністерін тамашалайық.
Ерте, ерте заманда қасқыр, қоян, құмырсқа үшеуі дос болыпты. Содан олар күндердің бір күнінде қысқы тамақ іздеуге шығады. Қоян тұрып:
-Жүріндер достар Қаныш атайдың бақшасынан сәбіз алып келейік.
Бұйра шаша желменен ойнап тұрады,
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады.
Жүріндер менімен достар-дегенде құмырсқа атып шығып:
-Жоқ, мен сәбіз жемеймін, мен тарыға барамын.
Көкем еккен ақ тары,
Күзде пісіп жетілді.
Кекілі бар сап-сары,
Сары бала секілді-деп ойнап, қоян мен қасқырды ұстап ап кетіп бара жатқанда.Қасқыр екеуін де итеріп жіберіп:
-Әй, сендер, маған қоян сенің сәбізін мүлдем керек емес,ал құмырсқаның тарысын мен мүлдем жемеймін. Меен шұжық,ет жеймін.
Дәмді тамақ шұжық,
Түрі ұзынша қызық.
Мен көрсем тоймаймын,
Қайтсем де жемей оны қоймаймын.Сондықтан да менімен жүріндер. Сосын құмырсқа мен қоян шығып:
-сенімеен??? Жоооқ бармаймыз.
Қасқыр: Бармайсыңдар??? Бармасандар онда мен сендерді шұжық қып озім жеймін-деп екеуін бас салады. Содан үшеуі де достарын жоғалтып, үш жақта өмір сүреді.
2-жүргізуші: «Ас адамның арқауы»- деп тегін айтпаса керек. Адамның дені сау болып, ширақ та сергек жүруі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз.
Д-дем алу.
Е-еңбектену.
Н-нашақорлыққа жоламау.
С-салауатты болу.
А-алғырлық.
У-уайымсыз өмір.
Л-лайықты өмір.
Ы-ынта.
Қ-қозғалыс.
Бәрі бірге:Денсаулық ол-шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2-жүргізуші: «Ас адамның арқауы»- деп тегін айтпаса керек. Сондықтан да ширақ та сергек жүріп ДЕНДЕРІҢІЗ САУ БОЛСЫҢ. Бүгінгі біздің «Дәрумендер әлемі» атты кешімізге келгендеріңіз үшін КӨПТЕН КӨП РАХМЕТ.

Өткізген: Казымбетова Г.К.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *