Досқан Жолжақсынов

Досқан Жолжақсынов

Досқан Қалиұлы Жолжақсынов– ҚазКСР-інің енбек сіңірген артисі, жастар одағы сыйлығының лауреаты, белгілі сахна шебері, киноактер, театр өнерінің Кұлагері.
Досқан Қалиұлы сегіз қырлы, бір сырлы талант, домбырада ойнауды, әуен шырқауды қатар меңгерген дарын. «Менің өнердегі алғашқы ұстаздарым – әкем мен анам!» деп тебіренеді Досқан. Ол Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Зайсан көлінің жағасында орналасқан Болықшы ауылында 1951 жылы 7 қазанда дүниеге келді.
1969 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Өнер институтының актерлік факультетіне оқуға түседі.
Досқан 40- тан астам киноларда, театр сахнасында 50-ден астам спектакльде басты рөлдерді сомдады. Мәскеуде өткен Халықаралық киноаламанында Гран при бас жүлдесін алды. Атақты актриса Софи Лорен өз қолынан тапсырған еді.
Өзінің сахналық қызметінде көптеген ойнаған рөлдері: «Ақан Сері» спектаклінде Ақан, («Қаладан келген қылжылпас» спектаклінде) Сматбек, «Індет» драмасында) Әзберен, т.б. Досқан Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық Жастар мен жасөспірімдер театрының директоры, көркемдік кеңесінің төрағасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Тапсырмалар
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
Берілген тірек сөзден, сөз тіркестен толық сөйлем құрастырыңыз.
Жолжақсынов Досқан, басты рөлдері, оқуға түседі, сахналық
қызметінде, бас жүлдесін алды, актерлік факультетіне, дүниеге келді.
Мәтіннен мекенжайды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *