Владимир Смирнов
Владимир Смирнов – 1964 жылы 7 наурызда, Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, Қазақстанның биатлон федерациясының президенті (2002-2010 жж.), шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері.
Қысқы Олимпиадаларда Қазақстанға егемендік алғалы жалғыз алтын медаль әкелген осы – Смирнов. Норвегиялық жоғары шаңғылық марапат – Холменколлен медалімен, Қазақстан Республикасының Екінші дәрежелі «Данқ» орденімен және «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.
Ол әлемдегі ең күшті шаңғышылар – бірінші үштік тобына кіреді. Владимир Смирновтың таңқаларлық шеберлігіне барлық шаңғышылар қызығады.
Тапсырмалар
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Мәтіннен бағытты, субъектіні, шығу мекенін бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер:
Щучинск қаласында ———————————- иегері
еңбек сіңген ———————————— президенті
«Халықтар достығы» орденімен —————————- марапатталған
таңқаларлық шеберлігіне ———————————— спорт шебері
екі дүркін қола медаль ————————————— туған
Қазақстанның биатлон федерациясыны ———————— қызығады
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтіннен етістіктіктер мен есімшелерді жедел өткен шақ тұлғасына ауыстырыңыздар.
Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазыңыздар: түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау.