Бұқар жырау шығапмаларының зерттелуі

Бұқар жырау шығапмаларының зерттелуі
Жоспар:
Бұқар жыраудың өмірі
Бұқар шығармаларының зерттелуі
Бұқар жыраудың тіл шеберлігі
Бұқар жырау-әдебиетімізде аты әйгілі ірі тұлға.Оның өмірі мен шығармалары туралы деректер тым шағын. Ең ақыры туған, өлген жылдары да әр зерттеушіде әр қилы түсіндіріліп келеді.Тек жыраудың жыр толғаулары, ақын әрі жинаушы М.Ж.Көпеевтің жазып қалдыруымен бізге жетуінің өзі аса елеулі жайт. Соңғы жылдары Пекин қаласының кітапханасынан табылған отыз алты толғау да үлкен үлес болып қосылды. Бұдан тыс әйгілі жазушымыз С.Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (Алматы, 1942) атты кітабындағы мән-мағынасы зор бір топ жырлары да жыраудың жаңа бір қырларын ашуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ Бұқар жыраудың туған, өлген жылдары жөнінде де тың талпыныс, ізденістер бар.
Бұқар жырау шығармашылығы ертеден бері үздіксіз зерттеліп келеді. Бұған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмаилов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйінішалиев, М.Мағауин, Ы.Дүйсенбаев, Қ.Мұханбетжанов, М.Жармұхаммедов секілді зерттеушілер айтарлықтай үлес қосты.Аталған зерттеушілердің бір тобы жырауды өзі айтқан тоқсан үште қайтыс болды деп көрсетсе, енді бір тобы жүзден асып өлді деп жазады. Алайда бұлардан өзгешелеу тұрған бір дерек Е.Ысмаилов кітабында келтірілген. Бұл бойынша жыраудың туған жылы 1685 деп, ал қайтыс болған мерзімі 1777 деп көрсетілген. Дәл осы деректердің дұрыстығын әдебиетші Қ.Мұхамбетжановтың «Семей таңы» газетінде (13 май 1977жыл) жарияланған мақаласы да дәлелдеп берді. Бұқар жырау ұрпағын Қабыкен Қазиевтен жазып алған А.Сейдімбеков деректері де толық растайды.Сол себепті жыраудың туған, өлген жылдары туралы, айтқан да осы мәліметтерді негізге алған жөн.
Бұқар жырау өмірінің ел тарихында «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» аталған қатерлі заманда халық көсемі Абылайдың қасында жүріп, оны қиын сәттерде ақыл — кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Ел тағдыры шешілер ауыр күндерде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, азаттық пен тәуелсіздіктің қорғаны болып отырған. Бұқар жырау 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі. Арқалы жырау, қабырғалы би Бұқар өз тұсындағы, қазақ хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күреседі. Өз шығармаларында Абылайды сырт жауларға қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен қайтпас батыр, ел қамын жеген көреген көсем ретінде бейнелейді.Алайда ханға орынсыз бас ұрудан ада жырау қажетті жерінде ащы шындықты айтудан тайынбайды,оны сынау, шенеуге дейін барады. Сонымен қатар, жырау өз шығармаларында Россиямен жауласпау, онымен тату көршілік сақтау керектігін насихаттаумен айналысады. Алайда, Бұқар патша өкіметінің түпкілікті мұратында, нақты пайымдаған еді.
Бұқар шығармаларынан жыраудың өзі өмір сүрген қилы заман келбеті айқын танылады. Хан-сұлтандардың, ірі феодалдардың әр жүзде, тіпті кейде жекелеген руларда өз билігін жүргізбек болған, ұлттық мүддеге қайшы, баққұмар саясаты, руаралық тартыстың күшеюі, заманның өзгеруіне байланысты адамдардың санасындағы құбылыстар міне, осының бәрі белгілі мөлшерде жырау өнер намысынан көрініс тапты. Бұқар қазақ қауымының ежелгі тұйықтықтан арылуға бет алғанын, көне патриархалдық қатынастар бұзыла бастағанын көреді, осының бәрі болашақта жүзеге асар түбегейлі өзгерістердің басы ғана екенін түсінеді. Алайда жырау мұндай құбылыстардың көбін ұнатпайды, сенімсіздікпен қарайды. Тіпті, туған халқының болашағына күманданып писсимизмге берілетін тұстары да бар.
Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батыр сірә, ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек оның ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз.
Алайда Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағандығы аңғарылады.
Жырау кедейшілікке ұрынады. Тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей. Бұқардың, тіпті сауып ішер малы, мініп түсер аты болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған, қабырғалы биге өз заманының ұраншысына айналады.Жырау бір ғасырдан астам жасап,1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда Далба тауының етегіне жерленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *