Бибігүл Төлегенова
Төлегенова Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ әншісі, ҚАЗ КСР-інің және КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері.
Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесі… бастады. Б. Төлегенованың әншілік таланты… танып, оның өнер жол…на түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И. Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.
1954 жылы Б. Төлегенова Қазақ консерваториясы… бітірді. 1965-1971 жылдары қазақ филармониясы… әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың мемлекеттік опера және балет театры… еңбек етеді; 1979 жылдан Алматы мемлекеттік консерватория…нда педагогикалық қызметпен (профессор) шұғылданды.
Б. Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнер…нің қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндері… саяды. Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәреже… жеткізді. Әншінің алуан тақырыпты репертуары… қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»), Қазақстан композитор…ының шығармалары (Хамидидің «Бұлбұлы», Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», Төлебаевтың «Еске алуы», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Тілендиевтің «Кел, еркем, Алатауыма»), сондай-ақ П.П. Чайковский мен С.В. Рахманиновтың романстары, Н.А. Римский-Корсаковтың опералары… ариялар және Батыс Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығарма…ы да бар. Бұл тұрғыда ол «қазақ бұлбұлы» атанған К. Бәйсейітованың орындаушылық шеберлігін жалғастыруда.
Төлегенова опера өнері… де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Гүлбаршын (Рахмадиевтің «Алпамысында»), Еңлік (Жұбановтың «Еңлік-Кебегінде») т.б. партияларды орындады. Б. Төлегенова өнері республика, одақ көлемі… ғана емес, бүкіл дүние жүз…не танылды.
КСРО Мемлекеттік сыйлығы… және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреат…. 1957, 1958 жылдары Мәскеу… өткен әншілер байқауының лауреаты. Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту ордені…, медальдар… марапатталған.
Сөздік
Социалистік Еңбек Ері – Герой Социалистического труда
көркемөнерпаз үйірме – кружок художественной самодеятельности
тану – познать
жол түсу – продолжать
бағыт сілтеу – указать направление
дәріс беру – вести занятия
кеңес жазушысы – советская писательница
қайталанбас – неповторимый
орындаушылық өнер – исполнительское искусство
қайнар бұлағы – подземный источник
саяу – поддерживать, покровительствовать
шеберлік – мастерство
саты – ступень
көтеру – поднять
дәреже – степень, уровень
алуан – различный
«қазақ бұлбұлы» – «казахский соловей»
жалғастыру – продолжать
елеулі – существенный
үлес – вклад
одақ көлемінде – зд: на уровне союза
танылу – стать известным
Тапсырмалар
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Мәтін бойынша тест құрастырыңыздар.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, анықтағышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер.
өнер жолына түсуіне ——————————— шұғылданды
опера өнеріне ————————————— саяды
орындаушылық шеберлігін —————————- бастады
Семей қаласында —————————— танылды
халық әндеріне ——————————— үйірмеден бастады
бүкіл дүние жүзіне—————————— дүниеге келген
көркемөнерпаздар үйірмесінен ——————— жалғастыруда
ән айтуды ————————————- елеулі үлес қосты
педагогикалық қызметпен ——————————— бағыт сілтеген
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.