Бақыт Сәрсекбаев

Бақыт Сәрсекбаев

Бақыт Сәрсекбаев (1981 ж., Солтүстік Қазақстан обл., қарашаның 29-ы күні туған) – 69 килограмм салмақтағы бокстан 29-шы жазғы Олимпиада ойындардың чемпионы. 2004 жылғы Олимпиада ойын…ынан кейiн Өзбекстан атақонысы…. көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзi… тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi.
Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшы…н тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финал… Сәрсекбаев өзiнiң ежелгi қарсылас… Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқы… үмiт артқан боксшы… Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты. Бақыттың бұған дейiн де талай жарыс… бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi.
Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт Чикагода өткен Әлем бiрiншiлiг…нде бесiншi орын… табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындар…нда боксшыларымыз… жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның ие… де осы Бақыт Сәрсекбаев болды.

Сөздік
салмақ – вес
атақоныс – земля предков
көшу – переехать
тең келер – равный
дәлелдеу – доказать
жоғары деңгей – высокий уровень
өткізу – проводить
жекпе-жек – поединок
тас-талқан етiп ұту – победить
ежелгi қарсылас – старый противник
ақтық айқаста – решающая схватка
үміт артқан – возлагал надежду
бағы жанған – улыбнулось счастье
жанкүйер – болельщик
Әлем біріншілігі – чемпионат мира, первенство мира
табан тіреу – зд. занял

Тапсырмалар
Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтіннің қысқаша мазмұнын қалпына келтіріңіздер: салмақ, чемпион, көшіп келу, тең, боксшы, дәлелдеп беру, жоғары деңгей, алғашқы, тас-талқан, қарсы келе алмау, ежелгі қарсылас, жеңу, мықтылығын мойындау, айқан, үміт артқан, бағы жағу, әлем біріншілігі, табан тіреген, жалау көтеру.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Есімдіктерді жазып алып, олардың мағынасына қарай түрлерін белгілеңіздер.
Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: ұту, алғашқы, ежелгі, халық, жалау, туған, айқас, бақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *