Ағайын жұрт

Ағайын жұрт
Қазақта: “Жігіттің үш жұрты бар: бірі – туған жұрты, екіншісі – қайын жұрты, үшіншісі нағашы жұрты” деген тамаша сөз бар.Жігіттің ең бірінші жұрты “Ағайын жұрты”.Өзінің ата – анасы, аға – бауырларынан бастап, әкесінің арғы аталарынан қосылатын ағайындарына дейін жігіттің өз туысы саналады.Әкенің әкесі ел жұрт “ақсақал” деп құрмет тұтады. Әже – әкенің шешесі ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы. Әке – шеше, ата- ана өзіңді өмірге әкелген адамдар. Әр ұл мен қыз ата- анаға мәңгі қарыздар.Ағайын-туыс деп бір рудан , тайпадан өсіп , өрбіген ұрпақтың қауымы мен бірлігін айтады. Ағайын немесе туыс деп те атала береді де ,бұлар бір қауым, бір ауыл болып, бір-біріне қамқорлық жасап , қиын сәтте қол беруге даяр болады. Туыстар тату , бір-біріне қорғаныш болуы керек. Ағайын , туыстан бөлініп кетпейді. «Бөлінгенді бөрі жейді» деген бар. Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды . Қазақтың бұл заңының ғылыми-генетикалық жағынан да дәлдігі анықталып отыр. «Атың жақсы болса-қанатың, ағайының жақсы болса –санатың» деген қазақтың мақал сөзі тегін айтылмаса керек. Ағайынның ұйымшылдығы ,абысынның татулығы қазақ
отбасының шырайы десе де болады. Қазақтың айтылған мына мақалы осы сөзді растағандай « ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса- ас көп».Үлкен ақсақалдар кейінгі ұрпаққа әрдайым «төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздығы кетеді» деп тәлім тәрбие беріп отырған.
Ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар,
Жалғыз басты жігіттің жығар жықпас жаны бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *