Александр Парыгин

Александр Парыгин

Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, 1994 жылғы Азия мен Азиялық ойындар… жеңімпазы, 1996 жылғы Атланта…ғы Олимпиада жеңімпазы.
Қазіргі бессайыс түрлерінің (ату, қылыштасу, жүзу, атқа салт міну, жүгіру) өзіндік қиындық…ы бар.
Александр мектеп… оқып жүрген жылдары суда жүзу… айналысты. Ату шеберлігі… оны спорт… еңбегі сіңген бапкер А. Бабушкин баулыды. Қылыштасу… үйреткен Қазақстанның ең мықты деген бапкерлері. 1996 жылғы Олимпиада… жігерл…гінің арқа…нда жеңіске жеткен Александр жанкүйерлері… таң қалдырды. Бессайыстың бірінші түрі – дүбірлі тапанша… атуда 11 орын алды. Қылыштасудан Парыгиннің үміті ақталды. Ол 1 орынға ие болды. Жүзуден 21 орын, атқа салт мініп жүруден 2-ші орын иеленді. Енді оның жүгіруіне келер болсақ, мәре… бір жарым айналым қалғанда қазақстандық спортшы ресейлік Зенов… басып озды.

Сөздік
қазіргі бессайыс – современное пятиборье
ату – стрельба
қылыштасу – фехтование
жүзу – плавание
атқа салт міну – верховая езда
жүгіру – бег
қиындық – трудность
шеберлік – мастерство
баулу – прививать навыки
жігерлігінің арқасында – благодаря настойчивости
таң қалдыру – удивить
үміт ақтау – оправдать надежды
мәре – финиш
айналым – зд: круг ????
басып озу – опередить

Тапсырмалар
Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, анықтағышты, толықтауышты, субъектіні білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: жеңімпаз, қиындық, спортшы, ресейлік,, қазақстандық, бессайыс, екінші, шеберлік, ақталу, бапкер.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *