Ə.Б. Бектұров

Ə. Б. Бектұров

Бектұров Әбікен Бектұрұлы 1901 жылы желтоқсанның жиырма бесінде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1931 жылы Омск қаласында институт бітірген. 1945 жылдан бастап Бектұров Қаз. ССР Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы болған. 1944 жылдан КПСС мүшесі, 1946 жылдан профессор болған. 1946-1968 жылдары Қаз. ССР Ғылым Академиясының минералдық қор бөлімінің академик-секретары болып жұмыс істеген. 1937-1950 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің жалпы химия кафедрасының меңгерушісі болған.
Бектұров – минералды тыңайтқыштар өндіру жөнінде көрнекті ғалым. Оның басшылығымен фосфат қосылыстарын өңдеудің қышқылдық және термиялық әдістер мен тыңайтқыштар жасаудың тәсілдері ұсынылды, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклонды әдісі ашылып, Жамбыл қаласындағы заводта өндіріске енгізілді, Қаратау фосфоритынан күрделі және концентрациялы минералды тыңайтқыштарды өндіру жүйеге келтірілді.
Бектұровтың жетекшілігімен 29 адам кандидаттық, 3 адам докторлық диссертация қорғады, 200-дей ғылыми еңбегі, 2 монографиясы бар. 1945 жылы Ленин орденімен, 1951 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен наградталды.

Сөздік
тыңайтқыш — удобрение
өндіру — производить
жөнінде — о, об , про
басшылық — руководство
қосылыс — соединение
қышқылдық – кислота
фторсызданған – без фтора
мал азықтық — скот
ашылу-открываться
өндіріс-производство
енгізу – вводить, включать
келтіру – приводить, доставлять

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
2. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
3. Мәтіндегі ырықсыз етіс тұлғадағы тұрған етістіктерді көрсетіңіздер.
4. Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.
5. Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
6. Мәтіннен тәуелдік ……
7. Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: көрнекті, басшылық, концентрациялы, жетекшілік, кандидаттық, бесінші, мемлекеттік, меңгеруші, қышқылдық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *